Медиация және татуластыру рәсімдері – дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді тетігі

Қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар арасында түрлі даулар туындап жатады. Мұндай келіспеушіліктерді тек сот шешімімен ғана емес, өзара келісімге келу арқылы шешу де құқықтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда медиация және татуластыру рәсімдерінің маңызы ерекше.
Медиация – дауға қатысушы тараптардың тәуелсіз, бейтарап медиатордың көмегімен өзара қолайлы келісімге келуіне мүмкіндік беретін рәсім. Оның басты артықшылығы – тараптардың уақытын үнемдеп, қаржылық шығындарын азайтып, өзара қарым-қатынасты сақтап қалуға ықпал етуінде.
Ал татуластыру рәсімдері сот өндірісінде де кеңінен қолданылады. Судья тараптарға дауды бейбіт жолмен шешудің құқықтық мүмкіндіктерін түсіндіріп, келісімге келуге жағдай жасайды. Мұндай тәсіл дауласушы тараптардың өзара түсіністікке келуіне және даудың қысқа мерзімде шешілуіне мүмкіндік береді.
Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын көптеген даулар бойынша тиімді қолданылады. Татуласу нәтижесінде жасалған келісім заң талаптарына сәйкес рәсімделіп, сотпен бекітілген жағдайда міндетті заңды күшке ие болады.
Бүгінде сот жүйесінде «Татуластыру рәсімдері» институтын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Себебі дауласқан тараптардың өзара келісімге келуі қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың сотқа деген сенімін арттырады.
Қорытындылай келе, медиация мен татуластыру рәсімдері – дау-жанжалдарды өршітпей, заң талаптарын сақтай отырып шешудің өркениетті жолы. Әрбір азамат өз құқықтарын қорғаумен қатар, келісімге келудің артықшылықтарын түсініп, бейбіт шешім қабылдауға ұмтылғаны жөн. Бұл құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға және қоғамдағы өзара сыйластық пен тұрақтылықты сақтауға қызмет етеді.

А. Мизанбаев, Жалағаш аудандық сотының судьясы

СОТ АШЫҚТЫҒЫ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуының басты...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Народная Конституция

Принятие и вступление в силу новой Конституции — значимое...

АЛҚАБИЛЕР СОТЫ: ХАЛЫҚТЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ АРАЛАСУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігі – кез келген демократиялық...