Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Халықаралық қатынастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Орталық Азия геосаясат нысанынан белсенді аймақтық акторға айнала ала ма?» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Орталық Азиядағы заманауи геосаяси үдерістерді, аймақтық ынтымақтастықтың келешегін, стратегиялық автономия, қауіпсіздік және жаһандық өзгерістер жағдайындағы халықаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Халықаралық дөңгелек үстелге АҚШ, Үндістан, Словения, Қытай және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Спикерлер қатарында:

– Судханшу С. Наяк, Podar халықаралық мектебінің директоры (Пуна, Үндістан);

– Хемсагар Барик, Джавахарлал Неру университеті (Нью-Дели, Үндістан);

– Клаус Ларрес, Солтүстік Каролина университетінің құрметті профессоры (АҚШ);

– Аленка Антлога, Словения Республикасының ақпарат жөніндегі комиссары;

– Радж Кумар Шарма, SHT университетінің Гуманитарлық, әлеуметтік және либералдық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры (Гуруграм, Үндістан).

Сарапшылар Орталық Азияның халықаралық қатынастардағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, өңірдің әлемдік аренадағы тұрақты әрі дербес ұстанымын қалыптастыру үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын айтты.

Дөңгелек үстел халықаралық сарапшылар, зерттеушілер мен академиялық қауымдастық өкілдері арасында пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT-мамандарды,...

Импульс к крупной индустриальной платформе 

ЗАКЛАДКА ФУНДАМЕНТА ЕВРАЗИЙСКОГО ИНДУСТРИАЛЬНО-ЛОГИСТИЧЕСКОГО ХАБА – МАСШТАБНОГО ИНВЕСТИЦИОННОГО ПРОЕКТА,...

Священный талисман Независимости

ТОРЖЕСТВЕННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ В ЧЕСТЬ ДНЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН...

Новые объекты в действии 

ПО ПОРУЧЕНИЮ АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИКА УАЛИ В АКСУАТСКОМ...