Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңы

Қазақстан Республиксының «Тіл туралы» Заңы  1997 жылы 11 шiлдедегі N 151 қабылданып бекітілді. Тіл мәселесі жайында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңында» Қазақстан халқын топтастыру аса маңызды факторлардың бірі, мемлекеттік тілді меңгеру  Қазақстан Республикасының әр бір азаматының парызы болып саналады.

Әрбір мемлекет өзінің мемлекеттік тілімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тіл. 

Мемлекеттік тілдің жақсы дамуына басты себепкерлер – мемлекеттік қызметкерлер. Сондай — ақ ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеру жөнінде тиісті талаптар белгілеу керек. Қазақстан халықының тілдері жаксы дамуы үшін қажетті жағдайлардың іс жүзінде қамтамасыз етілуі  — ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің барлығына арнап мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Қазіргі таңда тілді дамыту үшін мемлекет тарапынан өте көп мүмкіндіктер қарастырылған. Теледидар, радио, газеттер арқылы мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар, жаңа айдарлар жазылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың барлығында құжат айналымдар қазақ тілінде жүргізілуде

Ұлт бірлігінің басты факторы — мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілдің жұмыс істеу саласын кеңейту процесі шын мәнінде жүріп жатыр және тәуелсіздік алғалы оң өзгерістерге қол жеткізгендігіміз айқын.

Қазақ тілін одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023 — 2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.

Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді толық іске асыру үшін жағдайлар жасау мен тілдерді қолдану мен дамытудың өзекті проблемаларын шешу үшін құқықтық және институционалдық негізі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының келешекпен сабақтас негізін қалады.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенділікпен іске асырып келеді, мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды, мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірленді.

Мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып отырады, шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Қазіргі кезде ресми тілге ерекше назар аударылуда. Астана қаласы Әділет департаментінде (әрі қарай – Департамент) де мемлекеттік қазақ тіліне қатысты атқарылған жұмыстар аз емес. Қазақ тілін насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тілді дамыту саласында құқықтық түсіндіру жұмыстары өткізіледі: маңызды сұрақтар бойынша семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер және радиода сұхбат беру. Департменттің Web-сайт, Instagram желілерде ресми тілге байланысты түрлі мақалалар жарияланады.

Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының баптарын, сонымен қатар, іс қағаздарды жүргізуде және қоғамның барлық салаларында қолданылуы тиіс деп санаймыз. Осы ретте Астана қаласы Әділет Департаменті қазақ тілін дамыту үшін үлкен үлес қосуда.

Астана қаласы

Әділет департаменті

Әкімшілік бөлімі

Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың...

Балаларды қорғау және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейту, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыру және...

В Казахстане предложили новые меры по регулированию онлайн-платформ и защите пользователей

В Казахстане планируют усилить ответственность онлайн-платформ, повысить безопасность детей...

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...