Еңбек шартынан туындайтын даулар аз емес

Еңбек дауларына қатысты істердің жалпы санының шамамен 15–18% еңбек шартын заңсыз бұзуға байланысты даулар құрайды. Бұл көрсеткіш еңбек қатынастары саласындағы заңнаманың өзектілігін және сот тәжірибесінің маңыздылығын айқындайды. Сот тәжірибесінде бұл санаттағы істер әдетте күрделілігімен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 26-бабына сәйкес осы санаттағы азаматтық істерді аудандық және оларға теңестірілген соттар қарайды. Бұл даулардың соттылығы жалпы қағидалар бойынша айқындалады – талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Еңбек заңнамасында моральдық зиянды өтеуді өндіріп алуға қатысты мәселелер қаралмаған, еңбек ету құқығы бұзылған талаптар қанағаттандырылған кезде соттар «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының 14-тармағына сәйкес ҚР Конституциясының 24-бабын және Азаматтық кодекстің 951, 952-баптарының нормаларын басшылыққа алады. Демек, моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу туралы талапты қамтитын талап қоюлардан мемлекеттік баж мүліктік емес сипаттағы талап ретінде айлық есептік көрсеткіштің 50% мөлшерінде алынады.

АПК-нің 117-бабына сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

Жалақыны өндіріп алу туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда жауапкерден талап қою сомасының 1% мөлшерінде, ал мүліктік емес сипаттағы барлық талаптар бойынша АЕК-тен 50% мөлшерінде мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндіріп алуға жатады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке еңбек даулары алдымен келісім комиссиясында қаралуы тиіс. Мұндай комиссия жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінен құралады. Оның басты мақсаты – дауды сотқа жеткізбей, тараптардың бейбіт келісімін табу. Еңбек заңнамасында ерекше жағдайларда келісу комиссиясына жүгінбей, тікелей сотқа жүгіну құқығы көзделген.

Келісім комиссиясы еңбек ұжымындағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады. Еңбек дауларының сипаты әрқилы болғанымен, олардың барлығы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы құқықтар теңдігін сақтау қажеттілігінен туындайды. Даудың алдын алудың басты тетігі — еңбек шартын дұрыс рәсімдеу.

Салтанат Рамазанова,

Алматы облысы

Кеген аудандық сотының судьясы

Государственная регистрация кондоминиума

Государственная регистрация кондоминиума — это  оформление документов, чтобы у...

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

         Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия...

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 16 текше метр тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу фактісі анықталды

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық...