Судья – сөйлейтін заң

         Зайырлы, құқықтық елде түрлі дау мен келіспеушіліктің сот алаңында, заң арқылы шешілуі қалыпты құбылыс. Соған сай мемлекеттегі әділдік пен заңдылықты азаматтар сот билігімен, судьялардың туралығымен байланыстырып жатады. Судья халық түсінігінде ақ пен қараның ажыратушы, тура төрелікті жасаушы, ең бастысы, заңның сапалы қолданылуының кепілі. Рим ойшылы Марк Туллий Цицеронның сөзімен айтсақ «Судья – сөйлейтін заң, ал заң – мылқау судья».

         Міне, осындай ерекше мәртебе беріліп, құрмет көрсетілетін судьяларға қойылатын талап та, белгіленген жауаптылық та бір сәт кеміген емес. Тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл талап жыл өткен сайын күшейтіліп келеді. Мәселен бұрын 25 жаста-ақ судья болуға мүмкіндік бар еді. Кейінірек мұндай лауазымға тәжірибе жинап, кәсіби білігі толысқан, өз эмоциясын ұстай алатын, білімі кемелденген үміткерлердің келуі керектігі назарға алынып, нәтижесінде судьялыққа тек 30 жастан асқандар ғана құжат тапсырыс, конкурстан өтетін болды. Судьяның жасынан бөлек, сауаттылығына, тіл байлығына да мән берілгендіктен эссе жазу сынағы енгізілді. Бұл сын барысында үміткерлер әртүрлі тақырыптарда эссе жазып, ойы мен пайымының деңгейін көрсете алады. Бұдан бөлек үміткерлер психологиялық сынақтан өтеді. Қазіргідей уақытта бұл да қажетті сынақ екені рас. Себебі, басқа сала мамандарымен салыстырғанда судьяларға психологиялық төзімділік тән. Сот алаңында небір көңіл-күйге әсер ететін, жан тебірентетін істер қаралады. Міне, соған қарамастан судья тараптарға өзінің ішкі толқынысын білдірмеуге тырысуы керек. Алдында қандықол қылмыскер тұрса да, судьяның оған сыпайы сөйлеп, ойындағысын айтуына жағдай жасауы шарт.

Судьялардың Әдеп кодексі де қазақстандық қазыларға қойылатын талаптың төмен еместігінің нақты дәлелі. Онда судьяның қызметте ғана емес, қызметтен тыс кездегі әдебі мен әрекетіне қатысты талаптар көрсетілген. Яғни, судья тәуліктің 24 сағатында босаңсымауы, ортақ тәртіпті сақтауы, оғаш қылықтар көрсетпеуі керек. Тіпті судьяның отбасы мүшелері мен жақындары да қоғамда тәртіп мен заңдылықтың үлгісі болуы маңызды.

         «Соттардың тәуелсіздігі» ұғымының өзі соңғы ғасырда күрделі өзгеріске ұшырады. Қазіргі мағынадағы сот тәуелсіздігі – судья мәртебесінің артықшылығы (привилегиясы) емес, қоғамның әрбір мүшесі мүдделі әлеуметтік-құқықтық құндылық. Дамыған елдер үшін сот жүйесінің тәуелсіздігі – мемлекеттің басым саяси бағыттарының бірі.

         Осыншама талапты сақтай отырып жұмыс істейтін, әрі өзіне жоғары жауаптылық алған судьяларды құрметтемегені, заңды нұсқауына бағынбағаны үшін белгілі бір құқықтық жауаптылық бары белгілі. Алайда бұл тәртіп ақпарат алаңында, әлеуметтік желілер кеңістігінде сақтала бермейді. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланатын жағымсыз мәліметтерден судьялар тиісті деңгейде қорғалмаған. Судьялар іс жүргізудің бүкіл процесі барысында да сыртқы ықпал етулерден тәуелсіз емес. Мұндай мәселелерді тек жауаптылық белгілеумен шешеміз деу қиын. Ол үшін халықтың судьяға деген құрметін арттырып, қоғамда сот жүйесіне деген сыйластықты қалыптастыру кезек күттірмейді.

А.Кусаинова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Съездер – Судьялар одағының маңызды диалог алаңы

Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылып, мақсатты жұмыс...

Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлі аса маңызды

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тұғырын нығайту еліміздің әрбір...

Үрімжіде халықаралық e-commerce көрмесі, Орта Азиялық серіктестікке жаңа қадамдар

 25-26 сәуірде Үрімжі қаласында  Орталық Азия халықаралық сауда экономикалық...

Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу

Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де...

Қазақстан халқының бірлігі күні: татулық пен тұрақтылықтың тірегі

Жыл сайын 1 мамырда елімізде ерекше мәнге ие мереке...