Үрімжіде халықаралық e-commerce көрмесі, Орта Азиялық серіктестікке жаңа қадамдар

 25-26 сәуірде Үрімжі қаласында  Орталық Азия халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық палатасының ұйымдастыруымен электронды сауда көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің кәсіпкерлік қауымдастық делегаттары  мен Қытайдың әртүрлі өңірлерінен электронды сауда компаниялары, логистикалық ұйымдар және қызмет көрсету саласының өкілдері қатысып, өз тәжірбиелерін ортаға салып,  соңғы жетістіктері мен даму үрдістерін таныстырды.

Көрме барысында бірқатар компаниялар трансшекаралық электронды сауда платформаларын, ақылды логистика жүйелерін және цифрлық төлем шешімдерін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, электронды сауда бүгінде Шыңжаң мен Орталық Азия өңірі экономикасының маңызды қозғаушы күшіне айналып отыр.

Сонымен қатар, көрме аясында форумдар мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылып, трансшекаралық сауда, цифрлық экономика және халықаралық ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл кәсіпкерлерге сыртқы нарыққа шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады деп отыр. Орта Азиядан келген делегаттар да өз кезегінде қызығушылығын білдіріп жаңа жобалар мен серіктестікке әрқашан дайын екендіктерін жеткізді. Жиын соңында Халықаралық экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі орталық сауда палатасы президенті Лю Лимин мен Орта Азия кәсіпкерлер қауымдастығы төрағалары Жұмабек Бастаубаев пен Айтуған Мұқашев  арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сауда-логистикалық алаң: өңірлік экономиканың жаңа драйвері

Көрменің тағы бір ерекшелігі сауда логистикалық парк жөнінде үлкен көрсетілім өтті.

Қазіргі жаһандану дәуірінде тиімді логистика мен қолайлы сауда инфрақұрылымы елдердің экономикалық дамуының негізгі факторларының біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда, еркін сауда аймағының орталығында орналасқан сауда-логистикалық парк ерекше маңызға ие.

Қытай мен Еуропаны байланыстыратын жүк пойыздары мен халықаралық автокөлік тасымалдарының маңызды торабы ретінде қалыптасқан. Нәтижесінде, бұл алаң тек транзиттік нүкте ғана емес, ірі халықаралық сауда орталығына айналып отыр.

Бүгінде аталған парк арқылы автомобильдер, автокөлік бөлшектері, электромеханикалық өнімдер, болат, құрылыс материалдары және тұрмыстық тауарлар кең көлемде экспортталады. Сарапшылардың деректеріне сүйенсек, Синьцзян өңірі экспортының шамамен жартысын электромеханикалық өнімдер құрайды. Ал ауыр жүк көліктері мен автокөлік бөлшектерінің үлесі 90 пайыздан асады.

Географиялық орналасуы тиімді болғандықтан, Қазақстан Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы жүк тасымалының негізгі бағыттарының бірі. Ел аумағы арқылы өтетін теміржол және автокөлік дәліздері халықаралық сауданың жылдам әрі тиімді жүзеге асуына мүмкіндік беретін болғандықтан Қазақстан рөлі дәл осы серіктестікте үлкен ойнаушы ретінде ролі жоғары.

Соңғы жылдары Қазақстанда логистикалық инфрақұрылым қарқынды дамуда. Астана, Алматы және Қорғас сияқты ірі орталықтарда қойма, тарату және кедендік қызметтер жүйесі жетілдіріліп, халықаралық сауда ағындарын басқару жеңілдей түсті.

Сонымен қатар, еліміз «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында маңызды стратегиялық серіктеске айналды. Бұл Қазақстанды тек транзиттік ел ретінде емес, аймақтық логистикалық хаб ретінде де күшейтті.

Қорытындылай келе, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропа арасындағы сауда дәлізінде шешуші рөл атқарып, халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына маңызды үлес қосып отыр. 

                                         Аида Кожмамбетова

                                                                               Алматы Үрімжі Алматы

Полицейлер 1 миллион теңге төленбеген айыппұлы бар автокөлік иесін анықтады

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен...

СРЕДИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ СОСТОЯЛАСЬ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНАЯ ИГРА «QUIZ-2026»

В честь Дня государственных служащих в Осакаровском районе в...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА«QUIZ-2026» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Осакаров ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында...

Мемлекеттік қызметкер болу үлкен жауапкершілік

Мен мемлекеттік қызметкермін. Мамандығымды мақтан тұтамын. Өйткені өз мамандығымды...

ПРОВЕДЕНА ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ

Департаментом проведена профилактическая разъяснительная работа среди сотрудников аппарата акима...