Съездер – Судьялар одағының маңызды диалог алаңы

Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылып, мақсатты жұмыс жүргізіп келе жатқанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде одақ көптеген маңызды бастамалардың жүзеге асуына мұрындық болды. Республикадағы барша судьялардың құқықтық қорғаны, әріптестік байланысты нығайту құралы ғана болып қоймай, одақ кәсіби біліктілікті жетілдіруге мүмкіндік берді.

Судьялар одағы қолға алған жоба, бастамалардың шоқтығы биік. Мәселен одақ осы отыз жыл ішінде аға буын мен жас буын арасын жалғауға себепші болып, тәлімгерлік мектептің нығаюына да ықпал етіп келеді. Судьялардың Әдеп кодексінің қабылдануы, қазылар арасында ұдайы ұйымдастырылып келе жатқан спартакиаданың жандануына да одақтың еңбегі өлшеусіз. Бұған қоса, одақ 1996 жылдан бері қолға алынған судьялар сьезінің де негізгі бастамашысы. Съездің сот жұмысын жандандыруда, салаға қатысты жағымды пікірдің қалыптасуына, судьялардың біліктілігін көтеріп, мәртебесін нығайтуда маңызы орасан.  

1996 жылдан бері тоғыз рет съезд өткен екен. Әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын бұл алқалы басқосулардың өткізілу форматы да өзгеше. Съезд – республиканың түкпір-түкпіріндегі судьялардың басын біріктіріп, сот саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылауды, сараптауды, тәжірибе барысында шешуді көздейді.

Алдына осындай биік мақсат қойған соң съездердің қалай өтетіні ғана емес, оларға кімдердің қатысып, қандай түйткілді тақырыптардың таразы басына салынатыны да үлкен жауаптылықпен таңдалады. Республика шеңберінде өтетін мұндай алқалы жиынға әр өңірдің беделді, өзіндік айтар ойы, ұсынар салиқалы ұсынысы бар судьялары жіберіледі. Содан да болса керек судьялар қауымы үшін съезд делегаты болу үлкен мәртебе. Әрі бұл судьялардың әр өңірдегі әріптестерімен формальды емес алаңда кездесіп, танысып, тәжірибе алмасуына тамаша мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылған алқалы жиындарда сот жүйесін жандандыруға қатысты қаншама ойлар айтылып, биік мінберден көтерілген қаншама мәселе көп ұзамай оң шешімін тапты. Бір ғана мысал – қазіргі қоғамда тиімділігін дәлелдеген медиация институты, «Медиация туралы» заң осы съезд алаңынан бастау алған болатын. Осы жиында сот жүктемесінің көптігі, соттың балама институттарын қалыптастырудың маңызы, дауласу тараптарға уақыт, қаржы тұрғысынан тиімсіз екені айтылып, мұндай мәселені реттеудің басты механизмі ретінде медиация институты ұсынылған болатын.

Съезде көтерілген осы мәселеден кейін Президент арнайы тапсырма беріп, медиация институтының артықшылығы мен кемшілігін сараптауды ұсыған еді. Осылайша медиация институты тиімді жұмыс істейтін өркениетті елдердің сот тәжірибесі зерделеніп, соның негізінде «Медияция туралы» заң қолданысқа енді. Міне, он бес жыл ішінде бұл институт нағыз халықтық құжат екенін дәлелдеді. Ал мұндай іргелі бастаманың қолға алынуына ұйытқы болған Судьялар одағының съездері әлі де халыққа, сот саласына қызмет ете берері анық.

Л. Ахметова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...

МОНИТОРИНГ ЭНЕРГООБЪЕКТОВ

В Казахстане продолжается цифровая модернизация энергетической отрасли. В рамках Года...

Медиамост для миллионов: как казахстанский стартап DARHAN RADIO объединил Центральную Азию и её глобальную диаспору

Цифровые границы стираются быстрее, чем географические. Казахстанский проект DARHAN...

ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ СФЕРЫ, РЕАЛИЗАЦИИ НОВЫХ ИНИЦИАТИВ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ В ХОДЕ СОВМЕСТНОЙ ВСТРЕЧИ МИНИСТРА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА АЙДАРБЕКА САПАРОВА И АКИМА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ МАРАТА СУЛТАНГАЗИЕВА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА, СЕЛЬХОЗФОРМИРОВАНИЙ, ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ, АКИМАТОВ И ФИНАНСОВЫХ ИНСТИТУТОВ РЕГИОНА. Следует отметить, что Алматинская область занимает...