Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы бірлескен жұмысты дамытуға бағытталған.
Бұл бастама «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде жүзеге асырылуда. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтық санасын арттыру, оларға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ олардың қоғамға сәтті қайта бейімделуіне жәрдемдесу.
Меморандумға сәйкес тараптар қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға психологиялық, әлеуметтік және консультациялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды бірлесіп жүзеге асыруды, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған азаматтарды сүйемелдеуді жоспарлап отыр.
«ЛУЧ» оңалту орталығы есірткі мен алкогольге тәуелділікке, сондай-ақ құмар ойындар мен спорттық бәс тігуге тәуелділіктің салдарынан туындайтын психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар адамдарға кешенді көмек көрсетеді. Орталықта физикалық, психологиялық, әлеуметтік және рухани-адамгершілік оңалту жұмыстары жүргізіледі.
сотталғандарды қайта әлеуметтендіру ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
— Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру – қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Біздің мақсатымыз – адамға тек жазасын өтеуге мүмкіндік беру ғана емес, сонымен қатар оның қоғамға қайта оралуына жағдай жасау. Қоғамдық ұйымдармен осындай ынтымақтастық психологиялық және әлеуметтік қолдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді, — деді Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев .
Өз кезегінде «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру орталығының жетекшісі Анна Лихоманова мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың күш біріктіруі ерекше маңызды екенін атап өтті.
— Тәуелділікке тап болған және қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға кешенді қолдау қажет. Біздің жұмысымыз адамның тұлғасын қалпына келтіруге, салауатты әрі жауапты өмір салтына тұрақты мотивация қалыптастыруға бағытталған. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлескен жұмыс өмірін өзгерткісі келетін адамдарға көрсетілетін көмектің мүмкіндігін кеңейтеді, — деді Анна Лихоманова.
Меморандумды іске асыру мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, тәуелділіктің алдын алу жұмыстарын күшейтуге, сотталғандардың әлеуметтік бейімделу тиімділігін арттыруға және олардың заңға бағынатын өмірге оралуына қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.



