12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар қызметіндегі рөлі

Мемлекеттік тіл — ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және қоғамдық келісімнің негізгі тіректерінің бірі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие және мемлекеттік басқару, құқық қолдану қызметі, іс жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында міндетті түрде қолданылуға жатады.

Ақмола облысының Әділет департаменті қызметінде мемлекеттік тілді қолдану — бұл тек заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар халыққа деген құрметтің, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші. Азаматтардың ана тілінде еркін қарым-қатынас жасау мүмкіндігі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Қазіргі таңда қазақ тілі мемлекеттік органдардың негізгі жұмыс тілі болып табылады. Ішкі және сыртқы іс жүргізу, қызметтік хат алмасу, мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Мемлекеттік тілде сапалы әзірленген құжаттама басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттырып, құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.

Әділет департаменті өз қызметінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Оның дамуы мен мәртебесін арттыру мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізіп, белсенді түрде қатысады. Атап айтқанда, мұражайлар мен ғылыми кітапханаларына барып, тақырыптық кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады, сондай-ақ әдеби кештер мен оқыту семинарларына қатысу арқылы мемлекеттік тілдің тілдік мәдениетін арттыру көзделген.

Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау жағдайында мемлекеттік тілдің рөлі айтарлықтай кеңейіп келеді. Электрондық үкімет порталдарында, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде және ресми интернет-ресурстарда қазақ тілін толыққанды қолдану мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оны сапалы қолдану — әрбір мемлекеттік қызметшінің мемлекетіміздің нығаюына және Қазақстанның болашағын қалыптастыруға қосқан үлесі болып табылады.

Амина Кализатова

Ақмола облысы

Әділет департаменті

Әкімшілік бөлімінің

бас маманы

Географиялық көрсету және олардың өңірлік брендтерді дамытудағы рөлі

Өңірлік бренд - бұл өңірдің өнімі, мәдениеті, дәстүрі мен...

Қоғамдағы әйелдер мәселелері және Қазақстанның гендерлік саясаты

Қазіргі қоғамда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету-маңызды әлеуметтік...

Ермахан Ибрайымов: «Шынайы патриотизм – бос ұран емес»

Құрметті достар! Бүгінде елімізде Конституциялық реформа жобасы бойынша кең көлемді...

Бір наркозбен екі операция: АККА дәрігерлері ана мен сәбидің денсаулығын сақтап қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері жүктіліктің 38-аптасында жатқан пациентке...

Две операции — один наркоз: в АМКБ спасли здоровье матери и ребенка

В Алматинской многопрофильной клинической больнице врачи провели сложную симультанную...