Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы «Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету аясында, Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы «Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Алматы гарнизонының әскери сотының, Бас прокуратураның ҚСЖАеК әскери департаментінің, Алматы облысының адвокаттар алқасының және әскери қылмыстық қудалау органдарының басшылары, тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.

Дөңгелек үстелде гарнизонның әскери қызметшілерінің сотқа немесе құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болатын негізгі мәселелер, олардың Конституциялық құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар және Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары әскери бөлімдер мен мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында әскери қылмыстық қудалау органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттары мен шағымдарын беруге ықпал ететін өзекті кемшіліктері қызу талқыға салынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстары мен ашық ойлары тыңдалды, ортақ күшпен шешілетін мәселелер анықталып, бірлескен іс-шаралар жоспарланды. Әскери бөлімдер мен мекемелерге бару арқылы, әскери қызметшілерге Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының мазмұны, заңнама өзгерістері мен талаптарын түсіндіру жұмыстары жоспарланды және ағымдағы жылдың өзара іс-қимылмен жүзеге асырылатын болады.   

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...