МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2025 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы 

2025 жылы Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. 3 сыртқы талдау қорытындысы бойынша
17 ұсыныс, ал 4 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 11 ұсыныс берілді. Барлық ұсыныстар Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралып,  орындалуы бақылауда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Жыл ішінде11 750-ден астам адам қамтылған
215 іс-шара өткізілді. 42 сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннер орнатылды, 25 ұйым мен 12 көшелік LED-экранда бейнероликтер көрсетілді. Жастар арасында шамамен 7 мыңға жуық ақпараттық материал таратылды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы конкурстар өткізілді, барлық білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаты» акциясы ұйымдастырылды.

Комплаенс   қызметі  квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жұмысты  жүйелі түрде үйлестіруде. Облыста 200-ден астам квазимемлекеттік сектор субъектілері бар.

Комплаенс офицерлердің  қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар, кездесулер, интеллектуалды квиз-ойындар және онлайн-консультациялар өткізілді.

Аталған жұмыстар мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған жүйелі тәсіл болып табылады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...