Терминдер жүйеленіп, қазақ тілі заңдылығына сай жазылған – Талғат Нәрікбаев жаңа Конституцияның ерекшелігін атады

Ата Заңның қазақ тіліндегі мәтінімен жұмыс істейтін арнайы топ құрылып, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқарылды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы, профессор Талғат Нәрікбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, терминдер жүйеленіп, қазақ тілі заңдылығына сай жазылған.

«Комиссияның алғашқы отырысында көтерілген терминдердің бірізділігі мәселесінің ескерілгенін атап өткім келеді. Мысалы, заңгерлер қолданыстағы Конституцияда «құқылы», «хақылы», «құқығы бар», «құқығы жоқ», «хақысы бар» сияқты терминдер әртүрлі контексте қолданылатынын жиі сынға алатын. Жаңа мәтінде осы терминдер мағынасына қарай жүйеленіп, бірізге түскен. Сондай-ақ терминология мәселесінде қазақ тіліндегі заңдылықтар пен ерекшеліктер ескерілген», – дейді ол.

Сондай-ақ, ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы Ата заңның жаңа мәтінін әріптестерімен бірге оқып шыққанын, соның ішінде калька құрылымдар жүйеленіп, жатық жазылғанын жеткізді.

«Бұрынғы редакцияда жиі кездесетін «болып табылады», «жүзеге асырады» сияқты калькалық құрылымдар жаңа мәтінде жоқтың қасы. Қолданылған тұстардың өзінде де олар орынды әрі тілдік жағынан үйлесімді берілген», – деді сөз соңында Талғат Нәрікбаев.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...