Этика — сот төрелігінің тірегі

Сот жүйесінде әділдік пен сенімділікті қамтамасыз ететін ең маңызды құралдардың бірі –этика. Бұл тек заң нормаларын сақтау емес, әрбір маманның кәсіби, моральдық және адамгершілік жауапкершілігі.

Сот этикасының мәні:

Әрбір сот қызметкері-судья, хатшы немесе кеңсе қызметкері-сенім мен адалдықтың үлгісі болуы тиіс.

Әділ сот шешімдері заңға сүйенеді, ал этикалық қағидалар-қоғам алдында қабылдануына кепілдік береді.

Этикасыз заң тек қағазда қалады, ал нақты өмірде әділеттілікті қамтамасыз ете алмайды.

Сот хатшысы үшін этика:

Материалдарды толық әрі дұрыс рәсімдеу;

Қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу;

Құпия және жеке ақпараттарды сақтай білу;

Жеке немесе партиялық қызығушылыққа жол бермеу;

Этиканың маңызы-сот әділдігін судья орнатады, ал оның сенімділігі-этикалық нормаларды ұсынатын әрбір қызметкерге байланысты.

Әр хатшының кәсібилігі мен адалдығы-қоғамның сотқа сенімін арттырады.

Этика-сот төрелігінің тірегі, кәсіби абыройдың кепілі.

Д.А.Зинешова, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық  соттар департаменті азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-сот отырысының хатшысы

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...