Мемлекет қаржылық қиындыққа тап болған заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да мейлінше қолдау көрсетіп, тығырықтан көп шығынсыз шығуына мүмкіндік беріп келеді. 2014 жылы қабылданған «Оңалту және банкроттық туралы» зағңының да түпкі мақсаты осы. Заңнама борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және өз бизнесін құтқару жөніндегі бастамасын қолдауға бағытталған. Осы ретте борышкер – заңды тұлғаға оңалту рәсімін банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін ғана емес, қозғалғаннан кейін кез келген сатыда да қолдануға мүмкіндік қарастырылған.
Бұрын оңалту рәсімі қолданылмаған, құрылтайшымен (қатысушымен) оңалту жоспары әзірленген, оңалту жоспары кредиторлар жиналысында мақұлданған борышкерлер заңды жеңілдікке үміт арта алады. Борышкерді оңалту рәсімі «Оңалту және банкроттық туралы» заңында көзделген. Елімізде банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысын төлеудің тәртібі де нақтыланған. Осы заңға сәйкес, борышкер банкрот деп танылған, соған орай шығарылған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап банкроттықты басқарушы тағайындалуы тиіс. Бірақ, оған дейін уақытша басқарушы тағайындалады. Уақытша және банкроттықты басқарушыларға қосымша және негізгі сыйақылар төленеді. Осы тәртіпке сай негізгі сыйақы олардың қызметінің нәтижелері туралы есепті бекіткен кезде кредиторлар жиналысының шешімімен төленеді. Ең басты шарттың бірі – басқарушы өз міндеттерін тиісінше орындауы және кредиторлар алдында есеп беруі тиіс.
Сыйақы банкроттың мүлкін сатудан түскен қаражаттан төленеді. Ал егер мүлік берешекті жабуға жеткіліксіз болса, бюджет қаражаты есебінен төленеді. Төлеу сот банкроттық басқарушының қорытынды есебін қарап, банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарым шығарғаннан кейін жүргізіледі.
уәкілетті орган белгілеген ең төменгі шектен жоғарылата алады.
«Оңалту және банкроттық туралы» заңның 84-бабының 1-тармағына сай белгіленген рәсім жүргізілу мерзімінен асып кетсе банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы азайтылады. Мысалы, банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айдан өтсе кредиторлар жиналысының шешімімен белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің жетпіс бес, екі жылдан асса елу пайызы төленеді. Арнайы банктік шотқа түскен қаржыны банкроттық рәсімді аяқтау туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде банкроттықты басқарушы алады. Бұдан соң ол үш жұмыс күні ішінде өтініш жазып арнайы шотты жабады.
Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны кредитор республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, екі ай мерзімде міндеттерді орындау кезеңі үшін жалақының ең төменгімөлшерімен төлейді. Ал банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны үш айдан кешіктірмей банкроттық рәсім кезеңі үшін жалақының ең төменгі мөлшері шегінде береді.
С.Нұрбек, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы


