Қазақстан мен Пәкістан арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту

Исламабад қаласында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ жетекші спорт федерацияларының өкілдерінен құралған алдыңғы топтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапарға дайындық аясындағы жұмыс сапары өтіп жатыр.



Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Пәкістан арасындағы спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске қосу және спорттық дипломатияны дамыту.

Делегация құрамы

Қазақстан тарапынан сапарға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Рапиков Бауржан Серикбайевич, министрлік өкілдері, сондай-ақ грэпплинг, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және бокс федерацияларының басшылары мен танымал спортшылар қатысуда. Делегация құрамында әлем және Азия чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар.

Негізгі іс-шаралар

3 ақпан күні Исламабад қаласындағы Pakistan Sports Board базасында орналасқан Қазақстан–Пәкістан спорт орталығы «Dostyq» салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсімі аясында:
• Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының мемлекеттік әнұрандары орындалды;
• Пәкістанның межпровинциялық үйлестіру жөніндегі федералды хатшысы және ҚР Туризм және спорт вице-министрі сөз сөйледі;
• Қазақстан мен Пәкістан спортшыларының көрсетілімдік белдесулері өтті;
• Шахмат және тоғызқұмалақ сыныптарының жұмысы таныстырылды.



Құжаттарға қол қою

Сапар барысында келесі маңызды құжаттарға қол қою жоспарланған:
1. Қазақстан–Пәкістан «Dostyq» спорт орталығын құру туралы меморандум;
2. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы 2026 жылға арналған спорттық іс-шаралардың жол картасы;
3. Қазақстан мен Пәкістанның «Qazaq Kuresi» федерациялары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстанның ұлттық кабадди қауымдастығы мен Пәкістан Кабадди федерациясы арасындағы меморандум.

Мәдени бағдарлама

Ресми іс-шаралармен қатар, делегация Исламабад қаласындағы «Лок Вирса» халықтық мұра музейін және Пәкістан монументін аралайды. Сондай-ақ пәкістандық әріптестердің атынан ресми қабылдаулар мен жұмыс кездесулері ұйымдастырылады.

Сапардың маңызы

Бұл сапар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге, бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...