12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Конституциялық құрылым түбегейлі өзгеріп, азаматтардың қатысуы мен құқықтары кеңейтіледі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау қажеттігі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында талқыланды. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа түзетулер Конституцияның 77 бабына енгізіліп, негізгі заң мәтінінің 84 пайызын жаңартатынын, іс жүзінде барлық бөлім қамтылатынын айтты.

Имашева баяндамасында жобаның Преамбуласын толық жаңа редакцияда қабылдау, жаңартылған жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттің миссиясы, тарихи контекст пен елдің одан әрі даму бағыттарын көрсету көзделетінін атап өтті. Сонымен қатар «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, төрт бөлімнің атауы мен мазмұнына өзгерістер енгізілмек.

«Конституциялық құрылымның негіздері елеулі түрде қайта қаралып, президенттік басқару нысаны сақтала отырып, бірыңғай мемлекеттік билік жүйесінің ұйымдастырылуы өзгереді. Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу нысандары кеңейтіліп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері күшейтіледі, Конституциялық Соттың Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі арта түседі. Осылайша, сөз жекелеген түзетулер туралы емес, Негізгі заңның мазмұны мен тұжырымдамалық тәсілдерін түбегейлі өзгертетін терең конституциялық жаңғырту туралы болып отыр»,- деді депутат.

Депутат сонымен қатар «Құқықтық актілер туралы» Заңның 26-бабының 9-тармағын еске салып, нормативтік актінің жартысынан астамы өзгерсе, оның жаңа редакциясы қабылданатынын атап өтті. Осыған сүйене отырып, жаңа Конституция қазіргі заман талаптарына, қоғам сұранысына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына сай келетіні, тек құқықтық негізді ғана емес, сонымен бірге азаматтық құндылықтар мен мемлекеттің стратегиялық бағытын көрсететін құжат екені көрсетілді.

Кардинально изменится конституционный строй, расширятся права и участие граждан

Необходимость принятия новой Конституции Республики Казахстан обсуждалась на пятом...

Сенатор Бекназаров заявил, что конституционная реформа обеспечит расширение гарантий защиты прав граждан

Обновленные статьи Конституции РК обеспечивают расширение гарантий защиты прав...

Сенатор Бекназаров конституциялық реформа азаматтардың құқықтарынқорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз ететінін айтты

ҚР Конституциясының жаңартылған баптары азаматтарымыздың құқықтары менмүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы СенаторНұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысыбарысында мәлімдеді. Сенатор Конституциялық құрылыстың негіздеріне, Құрылтай мен Халық Кеңесініңқызметіне байланысты мәселелерге тоқталды. «ҚР жаңа Конституциясы жобасының 52-бабына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының Құрылтайы заңнамалық билікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы болып табылады. Құрылтайдың өкілеттіктері,қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы Конституциялық заңменайқындалады. Бір палаталы Парламентке көшу шеңберінде заң шығарушы органныңөкілеттіктері жете қайта қаралып, Құрылтайға қатысты кең ауқымды түзетулержобасына өкілеттіктерді кеңейту және тежемелер мен теңестірмелер жүйесін күшейтуенгізілді. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар азаматтарымыздың құқықтары менмүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді», – деп айтты Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі. Сондай-ақ...

Народный Совет будет способствовать вовлечению общества в политическую жизнь страны

Без гражданского общества, не будет и сильного государства. Об этом на...

Халық Кеңесі арқылы қоғамның кең топтарын саяси өмірге тарту мүмкіндігі туады

Азаматтық қоғам мықты болмай, мемлекет те мықты болмайды. Конституциялық комиссияның...