Халық Кеңесі арқылы қоғамның кең топтарын саяси өмірге тарту мүмкіндігі туады

Азаматтық қоғам мықты болмай, мемлекет те мықты болмайды. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осылай деп мәлімдеді.

«Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңда тұңғыш рет «Халық кеңесі» туралы жеке бап, дербес бөлім пайда болды. Аталған құрылым жай ғана консультативтік, формальды органға айналмас үшін, 70-2-баптың редакциялық нұсқасында «Қазақстан халық кеңесі» Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады деп нақты көрсетілді. Бұл – халықтың пікірін мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне жүйелі енгізуге арналған саяси институт. Яғни, жоғары консультативтік органның мүшесі болып табылатын кез келген Қазақстан азаматы заң шығару бастамасын көтере алады. Бұл — азаматтарға берілген нақты конституциялық мүмкіндік», – деп атап өтті ол. 

Депутаттың айтуынша, Халық кеңесінің маңызы арта түседі. Ол жаңа саяси алаңға, мемлекеттік шешімдерге ықпал ететін орталыққа айналады. Ең бастысы – Халық кеңесі толықтай ашық құрылым болады және оған кез келген азаматтың, барлық этностардың, кәсіпкерлердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мақсаты – мықты институттарға сүйенетін мемлекет қалыптастыру. 

Ахмет – ұлттың ұстазы және халық жанашыры

Сан қилы салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны өте...

Сот отырысының хатшысы — сот төрелігін жүзеге асырудағы негізгі фигуралардың бірі

Сот төрелігін жүзеге асыру — мемлекетте заңдылық пен әділдікті...

Сот практикасы арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау

Конституция — мемлекеттің басты құқықтық тірегі әрі азаматтардың бостандықтары...

Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы

Кешегі Абай мен Ыбырайдың жалғасы, Шоқан салған ағартушылық жолды,...

Ахмет – ұлттың ұстазы және халық жанашыры

Сан қилы салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны өте...