12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Электронды сот ісін жүргізу ерекшеліктері

Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамның барлық саласына, соның ішінде сот жүйесіне де айрықша ықпалын тигізді. Сот процесінің негізі саналатын қағаз құжат айналымынан бас тарта отырып, электронды технологияларға өту, яғни, уақыт көшінен қалмау заман талабы. Бұл тұрғыда сот жүйесі алдыңғы қатарда. Олай дейтініміз, бүгінде ел соттарына біртұтас автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген. 

  Бұл тақырыпты қозғап  отырғанымыз, 2024 жылы істерді электронды түрде жүргізу жүйесі енгізіліп, ҚР Азаматтық процестік кодексі 11-1-тарауымен толықтырылды. Осы ретте мақалаға аталған тараудың нормалары арқау етіледі.  

133-1 бапқа сәйкес, азаматтық сот ісі талап қоюшының таңдауына қарай қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі.   Дегенмен, осы баптың 2-бөлігінде көрсетілгендей, сот іс жүргізу форматын өзгерте алады, бұл жағдайда тараптардың пікірлері мен процесті жүргізудің техникалық мүмкіндіктері ескеріледі. Осыған орай сот уәжді ұйғарым шығарады. Мұндай кезде іс материалдары тиісті форматқа өзгертіліп, оларды судья куәландырады.

Ел заңнамасымен пайдалануға тыйым салынған жағдайды қоспағанда электрондық құжаттың жазбаша нысандағы құжатпен заңдық күші бірдей. Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар мен оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі айналыс тәртібін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңға сәйкес айқындайды.

Техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына қатысу тәртібі аталған кодекстің 133-3-бабымен белгіленген. Мәселен, сот отырысына іске қатысушылар мен олардың өкілдері, сонымен  қатар, куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар өздері мәлімдеген өтінішхаттың негізінде немесе соттың бастамасымен техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатысады.

Осы құралдардың көмегімен төрағалық етуші іске қатысатын адамның жеке басын анықтап, өкілдің өкілеттіктерін тексере алуы тиіс. Мұндай техникалық мүмкiндiк болмаған кезде сот отырысына қатысу құқығын жүзеге асыру iске қатысушының тұрғылықты жерiндегі сотқа жүктеледі.

Сот ісіне емдеу,  сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі, сол секілді күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар қатысатын кезде, аталған мекемелердің техникалық байланыс құралдары пайдаланылуы мүмкін. Мұндай кезде мекемелер әкімшілігінің көмегімен іске қатысушылардан қолхат алынады. Нақты айтқанда, іске қатысатын адамдар істі қарайтын соттың өздеріне құқықтары мен міндеттерін түсіндіргенін және оларды бұзған жағдайда заңмен көзделген жауапкершілікті ескерткенін растайтын қолхат береді.

   Сот отырысына қатысушының жеке құжаттары және қолхатының куәландырылған көшірмелері алынады және олар тез арада істі қарайтын сотқа жіберіледі. Сот талқылауының дыбыс-бейнежазбасы электрондық хаттама болып танылады. 

Ақпараттық жүйеде іс материалдары цифрлы түрде сақталады және олардың қауіпсіздік деңгейі жоғары. Сот актілері соттың базасына уақытылы енгізіледі. Электрондық формат ашықтық пен қолжетімділікті, жеделдікті арттыруымен құнды әрі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен толық үйлесім тауып отыр.

 Айгүл Абайдельдинова,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Максим Рожин: Халық кеңесі — жалпыұлттық диалогтің жаңа форматы

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Максим...

Максим Рожин: Халық кеңесі — жалпыұлттық диалогтің жаңа форматы

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Максим...

Бекзат Алтынбеков: Конституционная реформа —это новыйвектор развития

Конституционные реформы — это новый вектор развития с учетом...