12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Есірткі қылмысын жасағандар қатаң жазаланады

Өткен жылы күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң елімізде есірткі қылмысының жолын кесуге, сондай-ақ, құқық қорғау саласын жетілдіру мен қоғамның қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Осы заңмен есірткі өндірісімен, сонымен қатар, оны таратумен айналысатындарға қолданылатын жаза түрлері қатаңдатылды. Қазіргі таңда  есірткі өндіріп, таратқандарға немесе оны заңсыз айналымға шығарғандарға он бес жылмен жиырма жыл аралығында немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады, бұған қоса мүлкі тәркіленеді.

Мұндай шара өз кезегінде республикамыздағы есірткі өндірісі мен тарату желілерінің жолын кесуге ықпал етеді. Аталған заңда ауыр қылмыстармен бірге есірткі қылмысын алғаш рет жасаған жастарға қатысты да жаңа нормалар қарастырылған. Мысалы, есірткіні бірінші рет жасырын сақтаған адамдар бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Мұндай әрекет қайталанған жағдайда жаза түрі жеті жылдан он екі жылға дейін көбейеді.

Ал кәмелеттік жасқа жетпегендерге есірткі таратқандар немесе білім беру мекемелерінде есірткі сатқандар жазасы бұдан да қатаң, атап айтсақ,  оларға он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріліп, мүліктері тәркіленеді. Есірткі қылмысымен сотталғандардың мүлкін тәркілеу заңсыз табыстардың көзін жоюға мүмкіндік береді. 

Есірткі таратумен айналысқан лауазымды тұлғалар ерекше қатаң түрде жазаланады. Прекурсорлар мен есірткі өндірісінде қолданылатын әсері күшті заттарға қолжетімділікті азайту мақсатында заңда қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни, бүгінде есірткі өндірісінде пайдаланылатын құрал-жабдықтарды заңсыз сатып алғандар мен тасымалдағандар немесе пайдаланғандар жазасыз қалмайды.

Осы заң шеңберінде есірткіні интернет арқылы сатқандар,  жарнамалағандар немесе таратуға көмектескендер жауапкершілігі күшейтілді. Жауапкершілік пен жазаның қатайтылуы тек есірткімен күресте ғана емес, сонымен қатар, елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуда да тиімді болмақ. Себебі, есірткі қылмысы экономикалық, сондай-ақ, ұйым-дас-қан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен және терроризммен тікелей байланысты.

Сондықтан, елдің болашағына балта шабатын есірткі қылмысының алдын алу мәселесі қоғам болып жұмылуды қажет етеді. Әсіресе, ел ертеңі жасөспірімдер мен жастар арасында есірткінің зияны мен зардабы жайлы  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейткен абзал. 

Мемлекетімізде есірткі қылмысын азайту бағытында жүргізіліп жатқан шаралар мен қабылданған заңдар құқықтық тәртіпті нығайту мен қоғамның қауіпсіздігін арттыруда, сондай-ақ,  жастарды зиянды әрекеттерден қорғауда, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмауда маңызды рөл атқарады.

Есірткімен байланысты қылмыстардың адам денсаулығымен қоса ел экономикасына да кері әсері орасан. Сондықтан, аталған заңның есірткі қылмысымен күрестің тиімділігін тек біздің еліміздегі ғана емес, халықаралық деңгейде де арттыруға ықпалы зор болары анық.

Асқар Оспанбеков,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Почему наследство разрушает семьи

ПРЕДСТАВЬТЕ КАРТИНУ, ГДЕ ДО МОМЕНТА ОГЛАШЕНИЯ ЗАВЕЩАНИЯ СЕМЬЯ ВЫГЛЯДЕЛА...

Научные школы: академический вклад 

Казахский национальный университет им. альФараби является ведущим исследовательским университетом...

Жеке тұлғаның мүліктік құқықтарын қорғаудың заманауи мәселелері

          Қазіргі құқықтық мемлекет жағдайында жеке тұлғаның мүліктік құқықтарын...

Регулирование риелторской деятельности в Казахстане 

В Казахстане на рынке жилья большая часть сделок проходит...

Азаматтық сот ісін жүргізудің қоғамдағы әділдік рөлі

           Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы ең алдымен сот...