Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес, оларды бейбіт жолмен реттеу маңызды орын алады. Осы тұрғыда татуластыру рәсімдері (примирительные процедуры) сот төрелігін жүзеге асырудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Судья бұл процесте бейтараптықты сақтай отырып, тараптардың өзара келісімге келуіне жағдай жасайды.
Татуластыру рәсімдері – бұл тараптардың өзара келісімге келуіне бағытталған, заңда көзделген процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Оның негізгі мақсаты.
Татуластыру рәсімдерін дамыту-дауларды реттеудің және бұзылған құқықтар мен заңды азаматтар мен заңды тұлғаларды қорғаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Татуластыру рәсімдері деп тараптардың еркіне негізделген жанжалдарды өзара қолайлы шешуге бағытталған құқықтық дауды шешу әдістері. Татуластыру рәсімдерін дауды реттеу кезеңіне қарай атқарушылық іс жүргізуде қолданылатын сотқа дейінгі, соттан тыс, соттағы және татуластыру рәсімдеріне бөлуге болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы жанжалдаушы тараптарға туындаған даудың кез келген кезеңінде, сотқа жүгінге дейін де, істі сотта қарау барысында да немесе оны қарағаннан кейін дауларды бейбіт жолмен реттеуді пайдалануға мүмкіндік береді.
Татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары:
-дауды шешудің жылдам тәсілі;
-сот шығындарына қарағанда шығынды аз ақша қаражатын алу;
-екі жаққа да тиімді және қолайлы шешім қабылдау;
-мәжбүрлі шешімді орындаудан гөрі тараптар арасындағы уағдаластықтарды жылдам орындау;
-контрагентпен қалыпты, іскерлік қарым-қатынастарды сақтау;
-жағымсыз ақпаратты жария етуден жалтару.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (ары қарай-АПК) 277-бабының 6-тармағына сәйкес, сот, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе iс бойынша іс жүргізу өндірісін қысқартылады.
Тараптар аталған келісімді еріктілік қағидасына сай жазбаша түрінде жасаған, келісім азаматтық іске тіркеліп, ҚР АПК-нің 278-бабына сәйкес, оларға іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары түсіндіріледі.
Сот, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді зерттеп, тараптар аталған келісімді еріктілік қағидасына сай жасағандарын, жасалған келісім заңға қайшы келмейтінін, басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтынын, сондықтан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша келісімді бекітуден бас тартуға негіз жоқ екенін ескеріп, тараптармен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді қысқартылып, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылады.
Татуластыру рәсімдері – сот төрелігінің тиімділігін арттыратын маңызды құрал. Судьяның кәсіби біліктілігі мен бейтарап ұстанымы тараптардың бейбіт келісімге келуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану құқықтық мемлекет қағидаттарына сай келеді.
Мұғалжар аудандық сотының судьясы Г.Т.Алмаханов


