Жеке тұлғалардың банкроттығы

2023 жылғы 3 наурызда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң күшіне енді. Бұл заң еліміздегі қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарға өздерінің қарыздық міндеттемелерін заңды жолмен шешуге мүмкіндік беретін маңызды құқықтық құрал болып табылады.

Жеке тұлғаның банкроттығы дегеніміз — оның қарыздарын төлеуге қабілетсіз екенін заң жүзінде тану рәсімі. Бұл рәсім азаматты шектен тыс қарыз жүктемесінен босатып, қаржылық жағдайын реттеуге жағдай жасайды.

Қолданыстағы заң рәсімнің үш түрін қамтиды: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Рәсімнің әр түрінің өтінім беру кезінде қарыз алушы сәйкес болуы тиіс шарттары бар.

Соттан тыс банкроттыққа өтінім беру үшін борышкердің жалпы берешегі 1600 АЕК-тен аспауы керек. Сондай-ақ келесі шарттар орындалуы тиіс: соңғы 12 ай ішінде қарыздар бойынша өтем жасалмаған болуы керек; борышкерге қатысты берешекті өндіріп алу рәсімі мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде жүргізілген болуы тиіс; өтінім берілген уақытқа дейін банкроттық қарыз алушыға 7 жыл ішінде қолданылмаған болуы тиіс. Егер қарыз алушы 6 ай кезеңде Атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылса, онда ол кешіктірілген мерзім есебінсіз банкроттықты қолдануға өтінім беріп, өтінім қолданылғаннан кейін «банкрот» мәртебесін ала алады.

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық институтын енгізу борышкерлер мен кредиторлардың мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете отырып, азаматтардың төлем қабілетсіздігі мәселелерін реттеуге бағытталған. Алайда, тұлғаны банкрот деп тану автоматты процесс емес, оның қаржылық жағдайын жан-жақты талдауды қажет етеді.

Сот банкроттығы процедурасын екі негізгі кезеңге бөлуге болады:

1. Төлем қабілетсіздігі критерийлерінің болуы/болмауы негізінде сот процесінде банкрот мәртебесін белгілеу. Кезең борышкерді банкрот деп тану не одан бас тарту туралы сот шешімін шығарумен аяқталады;

2. Банкрот деп танылған жағдайда, бұл борышкердің қаржылық жағдайын және оның адалдығын талдау, кредиторлардың талаптарын өтеу, қарыздарды есептен шығару туралы мәселені шешу. Банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы соттың ұйғарымымен аяқталады.

Бірінші кезеңдегі соттың рөлі борышкердің төлем қабілетсіздігінің фактісін анықтау болып табылады.

Екінші кезеңде, егер сот борышкердің қызметін жан-жақты тексергеннен кейін қаржы басқарушысы борышкердің адал әрекет еткенін анықтаса, қарыздарды есептен шығарады, егер жосықсыз болса-борышкерге қарыздарды есептен шығарудан бас тартады.

Сот арқылы банкроттыққа өтінім беру үшін өтініш берушінің барлық кредиттер бойынша 1600 АЕК-тен асатын берешегі болуы тиіс. Осы рәсімді қолдану барысында борышкерге мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасауға (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру), шетелге шығуға тыйым салынады.

Қорытындылай келе, жеке тұлғалардың банкроттығы бұл қарыздан құтылудың жолы емес, банкрот деп тану нақты талаптар мен құқықтық салдарларға ие. Сондықтан әрбір азамат банкроттыққа жүгінбес бұрын өзінің қаржылық жағдайын мұқият бағалап, заң талаптарымен танысып алғаны жөн.


МАРАЛ СЕЙТОВА, Ақтау қаласының №2 сотының судьясы  

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...