Апостиль қою тәртібі және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының рөлі

Апостиль – бір мемлекет аумағында берілген ресми құжаттың басқа мемлекетте заңды күшке ие болуын растайтын арнайы белгі.
Апостиль 1961 жылғы 5 қазанда қабылданған Гаага конвенциясына сәйкес қолданылады. Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияға
қосылған, сондықтан елімізде апостиль қойылған құжаттар Конвенцияға мүше мемлекеттердің аумағында қосымша заңдастырусыз танылады.

Апостиль құжаттың мазмұнын растамайды, тек құжаттағы қолдың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған тұлғаның өкілеттігін және
мөр мен таңбаның заңдылығын куәландырады. Ол азаматтардың шетелде білім алуына, еңбек етуіне, неке қиюына және өзге де
құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Апостиль келесі құжаттарға қойылады: азаматтық хал актілері туу, неке, ажырасу туралы куәліктер, білім туралы құжаттар диплом, аттестат, сот актілері мен анықтамалар, нотариаттық куәландырылған құжаттар, мемлекеттік органдар берген ресми құжаттар.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – Қазақстан Республикасында жария-құқықтық дауларды қарайтын сот органы. Бұл сот азаматтар мен мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар арасындағы дауларды шешуге мамандандырылған.

Апостиль қоюға байланысты мәселелерде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының рөлі ерекше. Егер азамат мемлекеттік
органның апостиль қоюдан бас тартуын немесе заңсыз әрекетін негізсіз деп есептесе, ол аталған сотқа талап арызбен
жүгінуге құқылы. Сот мұндай істерде мемлекеттік органның шешімінің заңдылығын тексеріп, азаматтың бұзылған құқықтарын
қорғауды қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе, апостиль – халықаралық құжат айналымындағы маңызды құқықтық құрал. Ал мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік соты апостиль қою барысында туындайтын дауларды шешу арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауда маңызды орын алады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы Д.Құрманғазықызы

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...