Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы және құқықтық жүйесінің өзегі болып табылады.  Ол қоғам мен мемлекеттің құрылымын, билік органдарының қызметін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайды.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум арқылы қабылданды. Бұл күн елімізде мемлекеттік мереке – Конституция күні ретінде аталып өтеді. Конституция еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін және демократиялық даму жолын бекітті.

Конституцияның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Негізгі заңда әрбір азаматтың заң алдында тең екені, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалатыны көрсетілген. Сонымен қатар сөз бостандығы, білім алу, еңбек ету, демалу және әлеуметтік қорғау құқықтары бекітілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің бөліну қағидатын орнықтырды. Билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді. Бұл демократиялық басқарудың негізі болып табылады және билік органдарының өзара тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Ол әрбір азамат үшін заңдарды құрметтеуге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға негіз болады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Қ.Амангелді

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....