Түркістанда өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум 300-ден астам қатысушыны біріктірді 


Түркістан қаласында «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум өтті. Шараға заңгерлер, философтар, тарихшылар, практик-заңгерлер, педагогтер және азаматтық қоғам өкілдерін қоса алғанда 300-ден астам қатысушы қатысты. Симпозиум ғылыми идеялармен алмасып, құқықтық мәдениетті талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. 

Симпозиум қатысушыларына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Мухиттин Шимшек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова, Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі академиясының вице-президенті Байрам Булент, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Түркі мемлекеттері кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова құттықтау сөздер арнады.

Симпозиум жұмысына сондай-ақ Әзербайжан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Рашид Рзаев, Қырғыз Республикасындағы Манас Ұлттық академиясының директоры Азиз Биймырзаулы, Өзбекстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының өкілі Уткир Очилов, Ұлттық заң академиясының президенті Бахытжан Қуандықов, Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев және Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Кабденов қатысты. 

Пленарлық сессияның модераторы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова болды. 

Симпозиум аясында Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін жетекші ғалымдардың қонақ дәрістері ұйымдастырылды. Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшесі және Гарвард университетінің шақырылған ғалымы Муслим Хасенов «Қазақстанның конституциялық эволюциясы: көшпелі басқарудан қазіргі реформаларға дейін» тақырыбында дәріс оқыды.

Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті, PhD докторы, Қазақстанның Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің Ұлттық альянсының атқарушы директоры Динара Есимова симпозиум қатысушыларына дәріс оқыды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...