Биыл Шымкентте 1 млн 375 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында есеп берген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы тұрғын үй саласына да шолу жасап өтті.

Биыл Шымкентте 1 млн 375 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Оның 982 мың шаршы метрі берілді. Дегенмен халық саны ұлғайғандықтан, қазір тұрғын үй кезегінде 90 мыңнан астам халық тұр. Биыл 3808 пәтерлі 61 әлеуметтік тұрғын үй құрылысы жүріп, жыл соңына дейін 2574 пәтерлі 34 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Әлеуметтік осал топтарға 1523 пәтер сатып алынды.

Брифингте айтылған деректер Шымкенттің тек бүгінгі емес, ертеңгі келбетінің де айқын екенін көрсетеді. Қала – инвестиция келетін, жұмыс орындары ашылатын, мәдениеті жаңғырған, инфрақұрылымы жүйелі түрде жақсарып келе жатқан үлкен мегаполис.

Шымқаланың тыныс-тіршілігімен жан-жақты таныстырған әкім Ғабит Сыздықбеков: «Біздің басты мақсат – Шымкентті өмір сүруге жайлы, инвестиция салуға тиімді қала ету. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады» деп сөзін қорытты.

В духе экологической солидарности

ГЛОБАЛЬНЫЕ ИНИЦИАТИВЫ В СФЕРЕ КЛИМАТА И УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ СТАНОВЯТСЯ...

СОТ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында сот қызметтерінің сапасын жақсартуға және...

Электронды атқару құжаттарын жіберу тәртібі және олардың тиімділігі

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты адамдар арасындағы байланыс...

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сапалы білім-жарқын болашақ кепілі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің жетекші...