12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Өңірде 185 млрд. теңге инвестиция тартылып,1 175 жұмыс орны ашылады деп күтілуде…»

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің дамуы жайлы айтқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысындағы игі жаңалықтармен бөлісті.

«Президент өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Нысан – заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады. Мемлекет басшысы: Аталған орталық – еліміздің индустриялық қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 7 инвестор Орталықта жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде, өңір экономикасына 185 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1 175 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бюджетке 355 млн.теңге қосымша салық түседі деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда, 8 өндірістік ғимараттар салынып, ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы іске қосу жоспарлануда» дді өңір әкімі.

Сондай ақ өңір әкімі биыл өңірде ашылған өнеркәсіп орындарына да шолу жасап өтті. «Жалпы өнеркәсіп саласында биыл 107 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2 443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, маңызды ірі жобаларды атап өтсем: — Созақ ауданында табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны 35 млрд.тг., 300 жұмыс орны);

Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны 21 млрд.тг., 960 жұмыс орны);

Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны 9 млрд.тг., 96 жұмыс орны);

Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны 8,5 млрд.тг., 150 жұмыс орны);

Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны 8 млрд.тг., 150 жұмыс орны)» дейді Нұралхан Оралбайұлы.

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...