12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жұмысшы мамандығына жаңаша көзқарас

Мемлекет басшысы Жолдауында: «Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтыруда. Азаматтардың өн­ді­ріске барғаны абзал. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті артты­ра түсуіміз керек» деген еді. Президент тапсырмасына сай еліміздің экономикалық дамуын қамтамасыз етіп отырған негізгі күштің бірі – сапалы техникалық және кәсіптік білім алған жұмысшы кадрлар.

Маңызы жоғары мамандықтар

2025-2026 оқу жылында колледждерге 189 мың талапкер қабылданды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда  жоғары көрсеткіш (177 мың адам). Оның 145 мыңы мемлекеттік тапсырыс есебінен оқып жатыр.

Бүгінде экономикаға аса қажетті геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және құрылыс мамандықтары бойынша 9-сыныптан кейін білім алушылардың 100%-ы тегін оқуға мүмкіндік алды. Мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық бағыттарға бөлінуі – өндіріс үшін маңызды кадр даярлауға басымдық берілгенін айғақтайды.

2026 жылдан бастап студенттердің жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 913 мың теңгеге дейін ұлғаймақ. (2024 ж. – 437 мың тг). Бұл – оқу сапасын күшейтіп, материалдық базаны жетілдіруге жол ашады.

Шәкіртақы да айтарлықтай артты: 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейіп, орта буын мамандықтары бойынша 41 896 теңге, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңге болды. Сонымен бірге жұмысшы біліктіліктерді игеріп жатқан студенттер тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Колледж бен кәсіпорын байланысы

Бүгінде колледждер мен кәсіпорындардың байланысы мейлінше нығайып келеді. 622 колледжге 4 мыңнан астам кәсіпорын қамқорлық көрсетуде.

Жұмыс берушілердің нақты сұраныстары ескеріле отырып, 9 мыңға жуық жаңа білім беру бағдарламасы дайындалды. Дуальды оқыту үлесі де артып келеді. 2024 жылы 108 мың студент (28,9%) өндірісте тәжірибе жинаса, 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 35%-ға немесе 130 мың адамға жеткізілмек.

2025 жылдың басынан бері 74 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жыл соңына дейін тағы 39 оқу орны жаңғыртылады.

Халықаралық серіктестік ауқымы кеңейді: Қытай, Германия, Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Канада және тағы басқа елдердің жетекші колледждерімен 50-ден астам келісім жасалған.

Қазақстан құрамасы Euroskills Herning 2025 жарысында 7 үздік медальон жеңіп алып, «Ұлттың үздігі» аталымында топ жарды. Бұл – біздің кадр даярлау деңгейінің халықаралық бәсекеге қабілетті екенінің дәлелі.

Әлеуметтік қолдау

«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында іске қосылған «Наурыз Жұмыскер» жеңілдікті ипотекасы кәсіби мамандарға қуаныш сыйлады:
2025 жылдың 22 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша 1918 займ рәсімделіп, 46,5 млрд теңге берілген.

Бұл бастама жастардың ел ішінде тұрақтап, өндіріс ошақтарына жұмысқа орналасуына серпін бермек.

Қазақстан экономикасының өркендеуін қамтамасыз ететін басты күш – бәсекеге қабілетті маман. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту арқылы: өндіріс сұранысына сай кадрлар даярлануда, жастардың табысты еңбекке орналасу мүмкіндігі артып келеді, сондай-ақ жұмысшы мамандығының қоғамдағы мәртебесі көтеріле түсуде. Бұл – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, индустриялық дамудың қарқынын күшейтетін шешуші фактор.

Азық-түлік бағасын тұрақтандырудың нақты нәтижесі

Елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыс жүйелі жүргізіліп отыр....

Сапалы медицина – мықты экономика

Адами капиталға салынған инвестиция – экономикалық өсімнің негізгі қозғаушысы....

Автокөлік жолын жөндеудегі жетістіктер

Жол – экономиканың күретамыры. Күре жолының жағдайы жақсы өңірлердің...

Сотталған азаматшалар зорлық-зомбылыққа қарсы 10 күндік акцияға қатысты

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні аясында түзету мекемесінде...