ҚазҰУ-жастардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер алаңы

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия кеңістігінің ғылым мен білімдегі жетекші флагманы, ұлттық зияткерлік бренд. 1934 жылы іргесі қаланған білім ордасы бүгінде әлемдік стандарттарға сай модернизацияланған, инновациялық экожүйені қалыптастырған, халықаралық білім кеңістігінде беделі биік университеттердің біріне айналды.Еліміздегі  ең алғашқы классикалық университет мәртебесіне ие оқу ордамыз бүгінде халықаралық QS World University Rankings рейтингінде әлемнің үздік 200 университетінің қатарында. Бұл көрсеткіш-оқу орнының сапалы білім беру жүйесі мен ғылыми-инновациялық қуатының әлемдік деңгейде мойындалуының айқын дәлелі.Университет стратегиялық дамудың жаңа моделіне көшіп, оқу процесіне цифрлық технологияларды кеңінен енгізді. «Smart University» тұжырымдамасы аясында электронды кампус, цифрлық кітапхана, онлайн білім беру платформалары, студенттердің жеке оқу траекториясын құру жүйесі толық іске асырылған.Ғылыми зертханалар заманауи Smart-Lab форматында жұмыс істейді. Студенттер мен ғалымдар жасанды интеллект, биотехнология, нанотехнология, жасыл энергетика, IT-инновациялар бағыты бойынша әлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізеді. Бұл жастардың жаңа технологияларды игеруіне, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға зор мүмкіндік береді.

    Қара шаңырақ әлемнің 500-ден астам жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен серіктес. Студенттер академиялық ұтқырлық арқылы Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония, Еуропа, АҚШ, Малайзия университеттерінде білім алуға мүмкіндік алады.Университет-халықаралық жоба, форумдар, ғылыми конференциялар алаңы. Жыл сайын «Фараби әлемі» ғылыми фестивалі, Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлескен SDG алаңдары, жас зерттеушілерге арналған халықаралық саммиттер ұйымдастырылады.Экологиялық жобалар, ғылыми экспедициялар, цифрлық әкімдік үлгісі, құқықтық мәдениетті арттыру бастамалары – осы бағыттардың нақты нәтижесі.ҚазҰУ инновациялық технопаркі, бизнес-инкубаторлар және ғылыми кластерлер арқылы стартап жобаларды қолдап келеді. Жыл сайын студенттер мен жас ғалымдардың жүздеген жобасы халықаралық гранттарға, индустриалды әріптестердің қолдауына ие болып отыр.«Al-Farabi University Smart Hub» экожүйесі – білім, ғылым, бизнес, өндіріс пен қоғамның өзара байланысқан жаңа моделіне айналды.Білім ордамыздың түлектері бүгінде мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, IT, медиа, медицина, құқық салаларында елдің дамуына үлес қосып келеді.

    ҚазҰУ қалашығы бүгінде Орта Азиядағы ең ірі кампустардың бірі. Мұнда студенттерге барлық жағдай жасалған: заманауи оқу корпустары, зертханалар, кітапханалар, спорт кешендері, шығармашылық студиялар, Студенттер сарайы, 14 жатақхана.Университетте жыл сайын мыңдаған жастар білім алып, қоғамдық, спорттық, мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. Студенттік ұйымдар мен клубтар көшбасшылықты дамытуға, жобалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.ҚазҰУ ұлттық мәдениетті, академиялық этиканы, тәрбиені, зиялылықты қалыптастыратын орта. Әл-Фараби мұрасына сүйенген «Қайырымды қоғам» тұжырымдамасы университеттің идеологиялық негізіне айналды.Оқу орнында тәрбие жұмысы жүйелі жолға қойылған: волонтерлік, патриоттық, құқықтық мәдениет, зиялы азамат қалыптастыру бағыттары жан-жақты дамуда.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруда маңызды миссия атқарып келе жатқан ұлттық бренд. Бүгінде оқу ордамыз білім сапасы, ғылыми әлеуеті, халықаралық ықпалдастығы мен заманауи инфрақұрылымымен танылған әлемдік деңгейдегі университет.ҚазҰУ-ғылымға, білімге, инновацияға қызмет ететін, елдің болашағын қалыптастыратын даналық ордасы.

Байсалов А.Д

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

Университеті заң факультетінің

қылмыстық құқық және іс жүргізу,

криминалистика кафедрасының доценті  

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...