12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация дау шешудің заңды жалғасы

Елімізде  Медиация туралы заңның қабылдануы дау-жанжалды тек сотпен бітіру керектігі туралы сан жылдар бойы  қалыптасқан сеңді бұзды. Дегенмен, дауласушылардың өздігінен келісімге келе қоймайтынын тәжірибе көрсетті. Сондықтан, аталған заң бірден жұмыс істеп кеткен жоқ. Бұл үшін соттар тарапынан ауқымды шаралар атқарылды. Жоғарыда аталған заңның жұмыс істегеніне он бес жылға жуықтады. «Жақсы нәрсе әсте-әсте» демекші, қазіргі күні бұрынғыға қарағанда көш ілгеріміз. Өйткені, дауды соттан тыс, сот барысында ортақ келісіммен шешудің артықшылығын соттар БАҚ-тар арқылы үздіксіз насихаттап жатыр. 

Бітімгершілік халқымыз үшін дау шешудің заңды жалғасы. Біздің бұлай деуімізге соттардадау-жанжалды медиациямен бітіру тәсілдерінің белсенді жүргізіліп жатқаны себеп болып  отыр. Тараптардың арадағы келіспеушілікті ортақ мәмілемен бітіруі тиімділігін жан-жақты дәлелдеуде.  

Жеке және заңды тұлғалардың нұқсан келтірілген құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауы олардың заңды құқығы. Десек те, дауды сотта бітіру ұзақ уақыт пен қаржыны қажет етеді, сондай-ақ, оның зияны деннсаулыққа да тиеді. Өйткені, процесс барысында тараптар ашу-ызаға бой алдыруы мүмкін. Мұны түсінгендер дау-жанжалды татуластыру шаралары, медиация немесе партисипативтік рәсім, сотқа дейінгі хаттама, сондай-ақ, заңдарда белгіленген өзге де тәсілдер аясында реттеп, заңмен берілген мүмкіндікті пайдалануда. 

Заңда өзгеше көзделмесе дау-жанжалды татуласу шараларымен реттеу туралы өтінішхат талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделеді. Мәселен, татуласу келісімін сот актісінің орындалуы барысында да жасауға болады. Тараптарға татуласу келісімінің құқықтық салдары ол бекітілмей тұрып түсіндіріледі. Медиация рәсімінде дау-жанжал судьяның немесе медиатордың көмегімен реттеледі. Ол үшін тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдейді.  

Айта кетерлігі, медиацияны сот актісін орындау сатысында жүргізудің ерекшелігі бар. Мысалы, сот орындаушысына ұсынылған медиация туралы шарт атқарушылық іс жүргізуді бір айдан аспайтын уақытқа тоқтата тұрады. Дауды реттеу туралы келісім орындалмаған жағдайда мүдделі тарап процестік заңнамалар талабымен сотқа жүгіне алады. 

 Медиация тараптар мүддесін теңдей сақтауымен тиімді. Тағы бір артықшылық, талап қоюшы медиациялық келісімде талап арызда қамтылмай қалған талаптарын қоя алады. Сотта тараптарға дауды процестің барлық сатысында реттеуге жәрдем беріледі. 

Бітімгершілік институты аясының одан әрі кеңеюіне барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері мүдделілік танытулары тиіс. Татуластыру шараларының адамды кешірімділік пен ізгілікке тәрбиелейтінін ұғындыра алсақ, дау-жанжал атаулы шешімін сотқа дейін табатына сенімдіміз. Осы себепті, біз дау-жанжалды сотсыз реттеудегі ең тиімді  тәсіл өзара бітімге келу екенін  айтқымыз келеді. 

З.Баки,

Алмалы ауданының №2 аудандық 

сотының судьясы

Алматы қаласы 

Ситуация на пункте пропуска «Нұр Жолы» стабилизирована: пропуск транспорта ускорен

Ситуация на пункте пропуска «Нұр Жолы» на границе Казахстана...

ДУХ КОНСТИТУЦИИ КАК ОСНОВА КОНСТИТУЦИОННОЙ ТОЖДЕСТВЕННОСТИ

В юридической науке в последние годы усилился интерес к...

Аумақтан тыс соттылық Сот төрелігін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан Республикасында сот жүйесін модернизациялау және азаматтардың құқықтарын тиімді...

Тіл тұғыры — ұлт тұғыры

"Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан...

Әкімшілік әділеттің маңыздылығы

Әкімшілік әділет Қазақстанда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді....