Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында азамат Н.А.Кокишеваның (бұдан әрі — Мемлекеттік қызмет алушы) түскен шағымы негізінде, аталған шағымдағы уәждерді жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз дәлелді бас тарту және мемлекеттік көрсету тәртібі бұзылғандығы бойынша бұзушылықтар анықталды.

Жоспардан тыс тексеру бойынша мемлекеттік қызмет беруші, яғни Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылуы фактісі расталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы  ұсыным енгізілді.

Қазіргі таңда, қызмет алушы құқықтары жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертіліп толық көлемде қалпына келтірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы Құрманқұлов Ә.Ж.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...