Дүниежүзі бойынша вакцинация халықты жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғанудың ең тиімді әдісі болып табылады.

Руководитель Департамента санитарно-эпидемиологического контроля города Алматы — Главный государственный санитарный врач города Алматы
Қазақстан Республикасында балалар мен ересектерді вакцинация «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің талаптарына сәйкес міндетті түрде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесіне ересектер мен балаларды В вирустық гепатитіне, туберкулезге, полиомиелитке, дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, гемофильді және пневмококкты инфекцияларға, А вирустық гепатитіне, адам папиллома вирусына қарсы иммундауды қамтиды.
Қазіргі уақытта пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияның маңызы ерекше зор, себебі кішкентай балалар пневмококк тудыратын ауруларға өте бейім келеді. Олардың иммундық жүйесі әлі толық қалыптаспағандықтан, аурудың ауыр өту қаупі жоғары болады.
Статистика бойынша жіті ортаңғы отиттің 30-40% пневмокок инфекциясымен байланысты және әр бала бұл ауруды басынан өткізеді. Мұндай жағдайлар көбінесе ауыр түрде өтеді және іріңді менингит, энцефалит сияқты қауіпті асқынуларға әкеп соғуы мүмкін.
Балалардағы пневмококк инфекциясының ең жиі көрінісі — пневмония. Статистика бойынша, барлық пневмония жағдайларының 70% -ға жуығын пневмококк тудырады. Жоспарлы вакцинация енгізілгеннен кейін мұндай аурулардың жиілігі айтарлықтай төмендеді.
Сондықтан пневмококк инфекциясының таралуын төмендетудің жалғыз тиімді жолы — вакцинация болып табылады.
Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация Қазақстан Республикасының өңірлерінде кезең-кезеңімен 2010 жылдан бастап, ал Алматы қаласында 2015 жылдан бастап енгізілді.
Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі мемлекеттік сапаны бақылау жүйесімен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасының аумағында тек осындай вакциналар ғана қолданылады.
Пневмококк инфекциясына қарсы егу бірнеше кезеңмен, ерте жастан бастап жүргізіледі.
Дені сау бала 2 айлығында емханада пневмококк инфекциясына қарсы бірінші екпені, 4 айлық кезінде — екінші екпені, ал 12-15 айлық кезінде — үшінші екпені алуы тиіс.
Пневмококк вакцинасы көкжөтелге, сіреспеге, дифтерияға, полиомиелитке, В вирусты гепатитіне және гемофильді инфекцияға қарсы вакциналармен бірге 2 және 4 айлық жаста, сондай-ақ 12-15 айлық жаста ол қызылша, қызамық, паротит және ауыз арқылы берілетін полиомиелит вакциналарымен қатар салынады, бірақ әр вакцина жеке шприцпен және әртүрлі инъекция орындарына енгізіледі. Бір күнде бірнеше вакцинаны қатар енгізу иммундық жүйенің жұмысына әсер етпейді және ата-аналар мен балалар үшін ыңғайлы, себебі қосымша дәрігерге бару қажеттілігін болдырмайды.
Пневмококк тудыратын аурлардың (пневмония, отит) асқынуларының алдын алу үшін пневмококк инфекциясына қарсы егу жеткілікті. Балаға екпе салудан бас тартқан ата-аналар өз баласын ғана емес, басқа балаларды да жұқтыру қаупіне ұшыратады.
Өз денсаулығыңызға, балаларыңыздың және жақындарыңыздың денсаулығына мұқият болыңыз!


