Қызметкерлер арасында діни ағарту, сондай-ақ лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің ұйымдастыруымен жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер арасында діни ағарту, сондай-ақ лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға арнайы шақырылған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жанна Орынбасарқызы Қаңтарбаева діни ағарту, деструктивті ағым мәселелері бойынша кеңінен лекция оқыды.

Семинардың тағы бір қонағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Шавкет Метхатұлы Турдуев лудоманияның алдын алу және жалпы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі бойынша түсіндірме беріп, практикада кездесетін жағдайлармен бөлісті.

Бұдан бөлек, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, персоналды басқару қызметінің басшысы Зейнолла Бекмырзаұлы Салқынбаев, ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының м.а. Мейірхан Нұрақынұлы Мухамедиев бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар ұсынымдар берді.

Күн тәртібі бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, діни ағарту және қызметтік әдеп мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер толық мағлұматтар алды.

Каткенова Гаухар Сұлтанқызы

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...