Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесіне қарасты № 79 мекемесі жанындағы колледжде білім алушы сотталған азаматшалар арасында дәстүрлі «Күзгі шабыт – таланттар мекені. Күзгі Бал – 2025» атты шығармашылық сайыс өтті.

Шараның мақсаты: студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мәдени рухта тәрбиелеу болды.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Сайысқа 6 қатысушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде, I, II, III орындар иегерлері анықталып, қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Шара жоғары деңгейде өтіп, бiлiм алушы сотталған әйелдердің өнерге деген ықыласын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.


