12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

Қазіргі заманда спорт әлеуметтік әділдіктің жаңа формасына айналуда. Бұл үрдіс әсіресе Ақмола облысында айқын байқалады: мұнда әрбір азамат, ауыл баласынан бастап ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дейін, спортпен айналыса алатындай жағдай жасалуда.

«Біздің мақсатымыз – спортты тек рекордтарды бағындырудың жолы ғана емес, өмірдің бір бөлігі ету. Ерекше қажеттіліктері бар адам да, ауыл баласы да, зейнеткер де өзін үлкен қозғалыстың бір бөлігі екенін сезінсін», – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин.

Бүгінде өңірдің 329 мыңнан астам тұрғыны, яғни халықтың 41,8%-ы жүйелі түрде спортпен айналысады. Олардың жартысына жуығы – ауыл тұрғындары. Бұл – бұқаралық спортты және қолжетімді инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Ақмола облысы damubala.kz платформасы арқылы мемлекеттік спорттық тапсырысты белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл құрал балалар спортын, инклюзивті және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған және үкіметтік емес ұйымдармен, спорт клубтарымен, жеке жаттықтырушылармен серіктестік форматында іске асырылады. Яғни әр тұрғын өз үйінің маңынан секция тауып, тегін немесе өте төмен бағамен спортпен шұғылдана алады.

«Мемлекеттік спорттық тапсырыс жүйесі шағын залдар мен клубтарға жаңа тыныс берді. Енді ауыл жаттықтырушылары ауылдан кетпей, керісінше топтар жинап жатыр. Бұл – нақты жұмыс орындары мен спортты әлеуметтік лифтке айналдыратын орта», – дейді Ардақ Төлендин.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да зор көңіл бөлінуде. Өңірде үшінші жыл қатарынан аз қозғалатын азаматтар үшін спорт залдарына тегін баруды қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

«Бүгінгі таңда бағдарламаға 347 адам, оның ішінде 113 бала қатысуда. Бұл жай ғана жаттығу емес, қоғамға бейімделу, өз күшіне сену және өмірге белсенді араласу мүмкіндігі», – деп атап өтті Ардақ Төлендин.

Инфрақұрылымның да маңызы зор. Облыста 1124 спорт нысаны бар, спорт сарайлары мен бассейндерден бастап хоккей корттары мен ашық алаңдарға дейін жұмыс істеп тұр. Тек соңғы жылдың өзінде олардың саны 17-ге артқан. Спорттық нысандармен қамтамасыз етілу деңгейі шамамен 65%-ды құрайды және бұл көрсеткіш өсіп келеді. Аудандарда жаңа теннис корттары, жекпе-жек залдары мен шаңғы базалары ашылуда.

Қарттар арасында да спорт белсенді түрде дамып келеді. Аудан орталықтарында олар үшін жаттықтырушылар және дәрігерлердің бақылауымен тегін денсаулық топтары жұмыс істейді.

Сонымен қатар, өңір спорттық резерв тәрбиелеуді де қолға алған. Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша Жоғары спорт шеберлігі мектебінде 400-ден астам спортшы дайындалады. Бұл бағыт дәстүр мен заманауилықты ұштастырып, ауылдағы талантты жастарға кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысы спорттың тек рекордтар ісі емес, тең мүмкіндіктер құралы бола алатынын дәлелдеп отыр.

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениетінің көрінісі. Әр халықтың...

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тіл

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Құқық үстемдігі мен әділ сот...

Жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері

Құқықтық мемлекет құру жолында жемқорлықпен күрес – ең өзекті...

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...