Пациент дәрігерге қаншалықты ерте қаралса буын ауруларын емдеу нәтижесі де жоғары болады

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада күрделі ревматоидты артритпен ауыратын науқасқа жоспарлы ота жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Операция барысында пациенттің жамбас буынына эндопротез орнатылған. Айтуынша, оның ревматоидты артритпен ауырғанына көп уақыт болған көрінеді. Хондромаляция мен остеопороз сынды қосымша дерттерге шалдыққан. Бұл өз кезегінде шеміршектің ажырап кетуіне сеп болып, ауруды қоздыра түскен, дейді дәрігерлер.

Соңғы төрт жыл ішінде 7-ауруханада оған кезең-кезеңмен бірнеше ота жасалып, қос тізесі мен бір жақ жамбас буыны ауыстырылған болатын. Жуырда аурухана дәрігерлері пациенттің екінші жамбасындағы буындарын алмастырды.

Жоғары технологиялық ота МӘМС қаражаты есебінен жасалды.

«Ота жақсы өтті, қазір науқастың денсаулығы түзеліп келеді, буындары да бұрынғыдай мазаламайды», — деп атап өтті №7 ҚКА полижарақат бөлімшесі меңгерушісі Рамазан Әскеров.

Маманның айтуынша, хондромаляция мен остеопороз операция барысында қиындықтар тудырған. Себебі олар эндопротездің орнығуын қиындататындықтан имплантты орнатуда асқан дәлдік пен шеберлік қажет. Дәрігерлер ота барысында минералды тығыздығы төмен сүйекке арналған заманауи импланттарды пайдаланды. Мамандардың біліктілігі мен ауруханадағы сонғы үлгідегі қондырғылар күрделі отаны сәтті жасап шығуға мүмкіндік берді, дейді маман.

Айта кетерлігі, буын ауруларына шалдыққан пациенттер №7 аурухананың травматология және ортопедия бөлімшелеріне келіп, білікті мамандарға жүгіне алады.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...