spot_img
spot_img

Ауыл шаруашылығындағы мамандарға мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі?

Баршаңыз білесіздер, Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Көп ұзамай Үкімет осы бағытта арнайы ұлттық жоспар бекіткен еді. Сол жоспар шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек адамдары мемлекет назарынан тыс қалмайтынын ұғамыз.

Әңгімені арыдан бастамай, бірден ауыл шаруашылығындағы мамандарға мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі деген сұраққа жауап бергеніміз дұрыс деп шештік. Бүгінде фермерлерге тұрғын үй субсидиялары, жас мамандарға жалақы субсидиялары, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұл шаралар аграрлық еңбекке ынтаны күшейтіп, ауылды жерлерде әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Биыл Премьер-министрдің орынбасары С.М.Жұманғариннің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші республикалық форумында 107 ауыл еңбеккері марапатталды. Оның 79-ы – тікелей жұмысшы мамандық иелері. Бұл қадам ауыл еңбегінің қоғамдағы маңызын мойындаудың нақты көрінісі болды. Кейінгі жылдары ветеринарлардың мәртебесін арттыру бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Екі жыл ішінде олардың жалақысы 38%-ға өсті. Ал кәсіби мереке – «Ветеринарлық қызметкерлер күні» белгіленді.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ төрағасы Бауыржан Асановтың айтуынша, кейінгі жылдары жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытында елімізде бірқатар нақты іс-шаралар қабылданған. Мәселен, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында 107 маман марапатталса, оның 74%-ын сауыншылар, механизаторлар және мал шаруашылығы саласының өкілдері екен. Сонымен қатар, ветеринар мамандардың мәртебесін көтеру бойынша да елеулі жетістіктер бар. Кәсіби мереке енгізілді. Жалақы 38%-ға артты. Қауіпті жағдайларда еңбек еткені үшін қосымша төлемдер белгіленді.

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...

НА ПРИНЦИПАХ ТРАНСПАРЕНТНОСТИ И ИНКЛЮЗИВНОСТИ

Деятельность Комиссии по конституционной реформе демонстрирует системный и научно...