12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мелекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

Мемлекеттік қызмет — бұл мемлекеттік қызмет саласы және мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауға бағытталған, мемлекеттің мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған қызмет.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және орындау келесі қағидаттарға негізделеді: заңның үстемдігі, патриотизм, мемлекеттік қызметтің біртұтастығы, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізу және қызметтік өсу құқықтарының теңдігі, сондай-ақ өз қабілеттері мен кәсіби дайындығына және басқа да қағидаттарға сәйкес болуы.

Мемлекеттік қызмет лауазымдарына саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жатады. Мемлекеттік қызметке қабылдау тағайындау немесе конкурс арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік мемлекеттік қызметке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс, жасы кемінде                 18-де болуы керек, тиісті білімі, кәсіби даярлық деңгейі және т.б. болуы қажет. Еңбек ету құқығы ерікті еңбекке негізделеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабына сәйкес: «Әркім еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқылы». Бұл дегеніміз — әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өз қалауына сай жұмысқа орналасуға және өз еркімен жұмыстан кетуге құқылы. Азамат өзі қанша уақыт жұмыс істегісі келетінін шешеді.

 «Мәжбүрлі еңбекке тек соттың шешімімен немесе төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі». Бұл дегеніміз — азаматтар қылмыс жасаған жағдайда ғана сот шешімімен еңбекке мәжбүрленуі мүмкін. Сондай-ақ, адамдардың қоғамға және адамға пайдалы ерікті еңбегі құпталады. Ерікті еңбек — бұл адамның өз еркімен қоғамға қызмет етуі. Азаматтар үйде де, шаруашылықта да, кәсіпкерлікпен, мал шаруашылығымен айналыса алады. Сондай-ақ олар кітап жазып, сурет салып және басқа да жұмыстармен айналысуына болады.

Тараз қаласының тергеу соты әкімшісінің басшысы Б.Нұрәлі


Туризм тұрақты табыс көзіне айналып келеді

Кейінгі бірнеше жылда, әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін туризмде ілгерілеу...