12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан аумағы арқылы 8 халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы геосаяси және геоэкономикалық көпірге айналып, көлік пен энергетика саласындағы жаңа дәліздердің негізгі торабы болып отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров KGIR-2025 жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелінде мәлімдеді.

Кейінгі онжылдықтар ішінде Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамытуға 35 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Нәтижесінде еліміздің көлік жүйесі 21 мың шақырым теміржолды, 95 мың шақырым автожолды және Каспий теңізіндегі екі порт – Ақтау мен Құрықты қамтиды, — деді Әлібек Қуантыров өз баяндамасында.

Бүгінде Қазақстан аумағы арқылы 8 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бұл елімізді «Бір белдеу – бір жол» бастамасының орталық хабына және Қытай, Еуропалық одақ пен Орталық Азия үшін маңызды көлік серіктесіне айналдырады.

Әсіресе ең қарқынды дамып келе жатқан бағыт – Орта дәліз. Ол Қытай мен Қазақстанды Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Грузия және Түркиямен байланыстырады. Қазір бұл бағытқа Армения да өз сауда жолдары арқылы қосылып отыр. Былтыр осы дәліз арқылы транзит көлемі 60%-ға өсіп, 4-5 миллион тонна жүкке жетті. Бұл тек көлік дәлізі ғана емес, экономикалық тұрақтылықтың, әртараптанудың және жеткізу тізбектерінің сенімді балама жолының айғағы. Сонымен бірге, ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын стратегиялық көпір қызметін атқарады, — деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Сондай-ақ, Әлібек Қуантыров Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетіне тоқталды. Елде 213 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері бар, оның 178 миллион гектары – жайылым. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде алтыншы орында және Орталық Азиядағы ең ірі астық өндіруші ел болып саналатынын айтты.

Біз тек шикізатты ғана емес, қосылған құны жоғары өнімді де экспорттаймыз. Алдағы жылдары суару жүйелерін кеңейту арқылы ауыл шаруашылығының өнімділігін екі есе арттыруды және өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Заманауи, тиімді және орнықты көлік желісі жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, агроөнеркәсіп кешендеріне инвестиция тартады және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосады, — деп толықтырды ол.

Образование – главный критерий конкурентоспособности в эпоху технологий

Казахстан сегодня вступил в этап глубоких преобразований, когда решающим...

КАЗАХСТАН — В ПЯТЕРКЕ СИЛЬНЕЙШИХ СТРАН МИРА ПО ПОЖАРНО-СПАСАТЕЛЬНОМУ СПОРТУ

 В Королевстве Саудовская Аравия завершились XX Чемпионат мира среди...

Алматы қаласында балалар үйі тәрбиеленушілері арасында спартакиада өтті

Алматы қаласында балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Жанұя» мамандандырылған кешенінің...

В Алматы прошла спортивная спартакиада среди воспитанников детских домов

В Алматы на базе специализированного комплекса для детей-сирот «Жанұя»...

В Алматы прошла диалоговая площадка  «Молодежь новой эпохи»

В Алматы состоялась диалоговая площадка «Молодежь новой эпохи»,  было...