Әлібек Қуантыров: Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту

Бүгін Астанада KGIR‑2025 алаңында «Логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлік жүйесі: Қазақстанның тұрақты өсуінің жаңа драйверлері» тақырыбында екінші панельдік сессия өтті.

Бұл сессияны модератор ретінде Astana International Financial Centre басқарушысы Ренат Бектұров жүргізді. Қатысушыларға құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров жолдады.

Спикерлер қатарында халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері болды, соның ішінде:

  • Жером Буайе (Alstom)
  • Нұржан Марабаев (Semurg Invest)
  • Вячеслав Мальцев (Carlsberg)
  • Азамат Конратбаев (PwC Қазақстан)
  • Мэтью Сейгерс (S&P Global)
  • Ли Чан Ук (RETD)
  • Михеил Нибладзе (Cerberus Frontier)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер  министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «Қазақстанның орнықты өсуінің жаңа драйверлері: логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлігі» тақырыбына арналған KGIR-2025 панельдік сессиясын ашты.

«Қазақстан Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан, жаңа көлік және энергетикалық бағыттарды қалыптастыруда стратегиялық рөл атқарады. Логистика мен азық-түлік қауіпсіздігі – өзара тығыз байланысты басымдықтар, олардың тұрақты даму үшін маңызы зор. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту, шикізат қана емес, қосылған құны жоғары өнім экспорттау арқылы инвестициялар мен кооперация үшін жаңа мүмкіндіктер жасау», — деп атап өтті Әлібек Қуантыров.

Сессия барысында қатысушылар маңызды тақырыптар: көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның тұрақты экономикалық өсіміне ықпал ететін инновациялық тәсілдерді енгізу бағыттарын кеңінен талқылады.

Бұл панельдік сессия Қазақстанның өңірлік және жаһандық нарықтарда логистикалық хаб және азық-түлік жүйесінің маңызды орталығы болуға бағыт алғанын тағы бір нық дәлелдеді.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...