Цифрландыру дәуіріндегі ҚазҰУ: жасанды интеллектің жаңа мүмкіндіктері

   XXI ғасырдың басты жетістіктерінің бірі – жасанды интеллект (ЖИ). Бүгінгі таңда ол адам өмірінің барлық саласына еніп, экономиканы, білімді, мәдениетті, тіпті құқықтық жүйені де түбегейлі өзгертуде.Еліміз үшін ЖИ-дің дамуы-тек технологиялық жаңғыру емес, ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы. Осы орайда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орны айрықша.ҚазҰУ-90 жылдық тарихы бар, еліміздің ғылым мен білім орталығы. Университеттің миссиясы-ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігінде көшбасшылыққа ұмтылу. Бұл миссияны жүзеге асыруда жасанды интеллект саласын дамыту – стратегиялық бағыттардың бірі болып отыр.

    ҚазҰУ-да соңғы жылдары цифрлық трансформацияға ерекше көңіл бөлінуде. Университет базасында заманауи IT-зертханалар, суперкомпьютерлік орталықтар, жасанды интеллект технологияларын оқытуға және қолдануға арналған арнайы курстар ашылды.Мәселен, заң факультетінде «Сандық құқық» бағыты енгізіліп, студенттер ЖИ көмегімен құқықтық құжаттарды талдау, электрондық сот тәжірибесін үйренуде.

Сонымен қатар ҚазҰУ студенттері мен жас ғалымдары eGov, «E-zan komegi» мобильді қосымшасы, құқықтық чат-боттар сияқты мемлекеттік цифрлық сервистерді жетілдіруге атсалысып жүр. Бұл – университеттің ұлттық деңгейдегі цифрлық саясатқа қосып отырған нақты үлесі.

     2025 жылғы Президент Жолдауында жасанды интеллектті дамытуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы ЖИ-ді экономиканың барлық саласына енгізу, ұлттық кадрларды даярлау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті.Бұл міндеттер Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы үшін айқын бағдар болып табылады. Кафедра Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындауда:

1)ЖИ саласындағы кадрларды даярлау үшін жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосуда;

2)Халықаралық университеттермен және зерттеу орталықтарымен әріптестікті нығайтуда;

3)Отандық стартаптарға қолдау көрсетіп, студенттердің инновациялық жобаларын алға шығаруда.ҚазҰУ-дың жасанды интеллект саласындағы бастамалары Қазақстанды «Цифрлық дәуірдің» көшбасшы елдерінің қатарына қосуды мақсат етеді.ҚазҰУ студенттері үшін жасанды интеллект – тек теория емес, практикалық тәжірибе алаңы. Университетте «Hackathon», «AI challenge», «Digital University» сияқты байқаулар ұйымдастырылып, жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.Осы арқылы ҚазҰУ студенттері білімін тәжірибемен ұштастырып, елдің цифрлық дамуына үлес қосып отыр.

    Жасанды интеллект – уақыт талабы. Ал оны тиімді меңгеріп, қоғамға бейімдеу – алдыңғы қатарлы университеттердің басты миссиясы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жасанды интеллектті білім беру, ғылым және әлеуметтік жобалармен ұштастыра отырып, еліміздің инновациялық болашағына жол ашуда.ҚазҰУ-дың бастамалары Қазақстанды «Цифрлық дәуірдің» көшбасшысына айналдыруға бағытталған. Бұл – ғылым мен білімнің, мемлекет саясаты мен жастардың күш-жігерінің үйлесімді нәтижесі.

Досумбекова Мейрманкул Тілешқызы,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының  аға оқытушысы

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...

МОНИТОРИНГ ЭНЕРГООБЪЕКТОВ

В Казахстане продолжается цифровая модернизация энергетической отрасли. В рамках Года...

Медиамост для миллионов: как казахстанский стартап DARHAN RADIO объединил Центральную Азию и её глобальную диаспору

Цифровые границы стираются быстрее, чем географические. Казахстанский проект DARHAN...

ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ СФЕРЫ, РЕАЛИЗАЦИИ НОВЫХ ИНИЦИАТИВ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ В ХОДЕ СОВМЕСТНОЙ ВСТРЕЧИ МИНИСТРА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА АЙДАРБЕКА САПАРОВА И АКИМА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ МАРАТА СУЛТАНГАЗИЕВА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА, СЕЛЬХОЗФОРМИРОВАНИЙ, ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ, АКИМАТОВ И ФИНАНСОВЫХ ИНСТИТУТОВ РЕГИОНА. Следует отметить, что Алматинская область занимает...

« ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026»

С 29 ИЮЛЯ ПО 9 АВГУСТА 2026 ГОДА СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА ВПЕРВЫЕ СТАНЕТ ЭПИЦЕНТРОМ МИРОВОГО СПОРТА И КИБЕРСПОРТА. В ЭТИ ДНИ В АСТАНЕ ПРОЙДЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ МУЛЬТИСПОРТИВНЫЙ ТУРНИР «ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026» (GOTF...