Мемлекеттік тілде сөйлеу – елдіктің белгісі

Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы. Әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығы ең алдымен оның мемлекеттік тілінің қолданылу аясынан көрінеді. Сондықтан қазақ тілінде сөйлеу – елдік пен бірліктің айқын белгісі.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл мәртебе тек қазақ халқы үшін ғана емес, елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлт пен ұлыс үшін ортақ. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстан азаматының парызы, елге деген құрметінің көрінісі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да үлкен қолдау көрсетілуде. Мектептерде, балабақшаларда қазақ тілін оқыту жүйелі жолға қойылып, түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Дегенмен, тілдің дамуы тек мемлекеттік саясатқа ғана емес, әр азаматтың саналы ұстанымына байланысты. Әрбір қазақстандық күнделікті өмірінде қазақ тілінде сөйлесе, ол – нағыз елжандылықтың көрінісі болмақ.

Өзге тілдерді меңгеру – артықшылық. Бірақ өз тіліңді білмей, өзгенің тілін қадірлеу мүмкін емес. Қазақ тілін білу арқылы біз ата-баба мұрасын сақтаймыз, ұлттық болмысымызды жоғалтпаймыз.

Қорытындылай айтқанда, мемлекеттік тілде сөйлеу – бұл тек қарым-қатынас құралы емес, ол – елдіктің, намыстың, рухтың белгісі. Әр азамат қазақ тілін құрметтеп, қолдана білсе, бұл – еліміздің жарқын болашағына қосқан үлкен үлес.

Қармақшы аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Т.Әмір

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...