30 жыл – бір ұрпақтың ғұмыры, бір елдің тағдыры

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл. Көзді ашып-жұмғандай ғана уақыт секілді. Бірақ осы отыз жылдың ішінде тұтас бір ұрпақ өсіп жетілді. Олар дүниеге келгенде Конституция бар еді, ал ата-аналары оның қабылданған сәтін әлі күнге дейін есінде сақтайды. Конституция – жай ғана заң емес. Ол – елдің жүрек соғысы, халықтың еркінен туған тағдыр кітабы. Әрбір бабында тарихтың табы, болашақтың үміті бар.

Қағаздағы әр әріп – халықтың таңдауы. 1995 жылдың тамыз айын ел әлі ұмытқан жоқ. Бүкіл халық қолына қалам алып, дауыс берді. Бір қарағанда, бюллетеньдегі қарапайым «иә» немесе «жоқ» белгісі. Бірақ ол белгілер елдің болашағын, мемлекеттің бағытын айқындады. Осылайша Қазақстанның жаңа Конституциясы дүниеге келді. Ол тәуелсіз елдің жасампаздығын айқындап, халықтың құқықтары мен бостандықтарын бекітті.

30 жылдағы сынақтар мен сабақтар. Отыз жыл ішінде Негізгі заңымыз бірнеше рет өзгерді. Өйткені өмірдің өзі тоқтамайды, қоғам үнемі қозғалыста.  Бір кездері президенттік билік күшейді, кейін Парламенттің рөлі артты, соңғы жылдары халықтың өзі референдум арқылы өзгерістер енгізді. Әр түзету – бір тәжірибе, әр өзгеріс – бір сабақ. Бұл Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде біртіндеп жетіліп келе жатқанын көрсетеді.

Конституция – елдің айнасы. Қоғамға қарасаң – Конституцияны көресің. Сөз бостандығы бар ма? Заңда бар. Әркім тең құқылы ма? Конституцияда солай жазылған. Сотқа жүгіне аласың ба? Негізгі заң соны бекіткен. Конституция – мемлекеттің сыртқы бейнесі ғана емес, әр азаматтың күнделікті өміріндегі қорғаушысы.

Осы мерейтой бізге бір ақиқатты еске салады Конституция – өлі мәтін емес, ол – тірі құжат. Оның тағдыры біздің қолымызда. Жастар оны құрметтеп қана қоймай, жан-тәнімен сезінуі керек. 30 жыл – тарих үшін қысқа ғана сәт. Бірақ ол – бір ұрпақтың ғұмыры. Енді келесі ұрпақ Конституцияны ары қарай дамытуы тиіс.

 Қазақстанның Негізгі заңы – ел бірлігінің, тәуелсіздіктің, демократиялық дамудың кепілі. Отыз жылдық мерейтой – тек өткенге есеп беру ғана емес, болашаққа жол сілтеу. Өйткені Конституция – халқымыздың үні, елдігіміздің діңгегі, ұрпаққа қалатын аманат.

 Қызылорда облысының мамандандырылған

әкімшілік сотының жетекші маманы

                                                                                     Гүлсезім Гажданбекқызы

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...