12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Апостиль және әкімшілік сот тәжірибесі

 Қазіргі заманда азаматтардың шетелмен байланысы артып келеді. Бірі шетелде білім алады, бірі жұмыс істейді, ал енді бірі отбасы жағдайын реттеу үшін шетелдік органдарға құжат ұсынады. Мұндай жағдайда құжаттардың заңдылығын растау қажеттілігі туындайды. Сол үшін халықаралық деңгейде қолданылатын негізгі тетік – Апостиль (Apostille).

Апостиль дегеніміз не? Апостиль – 1961 жылғыГаага конвенциясына сәйкес енгізілген арнайы мөртаңба. Ол құжаттағы қолдың түпнұсқалығын, қол қойған тұлғаның құзыретін және ресми мөрдің шынайылығын растайды. Апостиль қойылған құжат Конвенцияға мүше барлық елдерде қосымша заңдастырусыз танылады. Қазақстан Республикасы бұл Конвенцияға 2000 жылы қосылған.

Апостильдің басты артықшылығы – құжатты консулдық заңдастырудан өткізудің қажеттілігін болдырмайды. Бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, халықаралық құжат айналымын жеңілдетеді.

ҚазақстандағыӘкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешуге арналған құқықтық база болып табылады. Әкімшілік сот тәжірибесінде кейде шетелде берілген ресми құжаттар ұсынылады. Мысалы шетелдік жоғары оқу орындарының дипломдарын тануға қатысты дауларда, көші-қон немесе азаматтық жағдай актілерін тіркеу мәселелерінде, мемлекеттік органдардың шетелдік шешімдері мен анықтамаларына байланысты дауларда.

ӘРПК-нің дәлелдемелерге қатысты нормаларына сәйкес, сотқа ұсынылатын әрбір құжат заңды әрі сенімді болуы тиіс. Егер құжат шетелде берілсе, Қазақстан аумағында жарамды болуы үшін міндетті түрде Апостиль қойылуы қажет. Апостиль болмаған жағдайда сот құжатты толыққанды дәлелдеме ретінде қараудан бас тартуы ықтимал.

Сот тәжірибесіндегі артықшылықтары. Апостиль рәсімінің әкімшілік соттар үшін маңызы зор. Ол құжаттардың түпнұсқалығын тез әрі сенімді растауға мүмкіндік береді, дәлелдемелерді қабылдау кезінде соттың объективтілігін қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді.

Осылайша, Апостиль халықаралық құқықтық талаптарды сақтаумен қатар, әкімшілік соттарда әділ шешім қабылдауға негіз қалайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Апостиль қою құқығы бірнеше мемлекеттік органға берілген:  Әділет министрлігі – сот және нотариалдық құжаттарға, Білім министрлігі – аттестат пен дипломдарға, Сыртқы істер министрлігі – мемлекеттік органдардың өзге құжаттарына.

Рәсімнің өзі аса қиын емес, бірақ азаматтар уақытылы жүгініп, құжатты дұрыс ресімдеуі қажет. Бұл сот процесінде артық кідірістерге жол бермейді.

Апостиль – халықаралық деңгейде мойындалған заңдастыру құралы. Әкімшілік сот тәжірибесінде оның рөлі ерекше, себебі ол сотқа ұсынылатын шетелдік құжаттардың заңдылығын қамтамасыз етеді. ӘРПК нормалары аясында Апостиль азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. Сондықтан әрбір азамат немесе ұйым шетелдік құжаттарды сотқа немесе мемлекеттік органға ұсынар алдында олардың Апостильденуін қамтамасыз етуі тиіс.

        Қызылорда облысының мамандандырылған

 әкімшілік сотының жетекші маманы

                                                                Гүлсезім Гажданбекқызы

30 жыл – бір ұрпақтың ғұмыры, бір елдің тағдыры

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл. Көзді ашып-жұмғандай ғана...

Интернет алаяқтық: анықтама мен негізгі түрлері

Интернет алаяқтық (cyber fraud / online scam) — бұл ақпараттық...

РИСК ЭСКАЛАЦИИ КОНФЛИКТА

Заявления о том, что Сербия близка к гражданскому противостоянию,...

АВИАУДАР ИЗРАИЛЯ ПО СТОЛИЦЕ ЙЕМЕНА

В результате авиаударов израильских вооруженных сил по городу Сана,...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...