12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеу аясында және «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жалпы республикалық сенбілікке белсене қатысты.
Атаулы іс-шара мекеме қызметкерлерінің экологиялық санасын қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулуға және мемлекеттік мерекені әлеуметтік маңызы бар игі істермен атап өтуге бағытталды-дейді мекеме басшылығы.
Мекеме қызметкерлері өз мекемелерінің аумақтарын тазалап қана қоймай, оған іргелес жатқан қоғамдық орындарды, көгалды аймақтарды, жаяу жүргіншілер жолдары мен демалыс орындарын да тәртіпке келтірді.
Сенбілік барысында қоқыс жиналып, ағаштар мен бұталар ретке келтірілді, жасыл желектерге күтім жасалды. Табиғат аясын таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін түсінген мекеме қызметкерлері бұл бастаманың қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Конституция күні – еліміздің басты заңының салтанаты ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік пен қоғам алдындағы парызды сезінетін күн. Сондықтан мұндай сенбіліктер тек экологиялық емес, тәрбиелік мәнге де ие, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Айта кету керек, мекеме қызметкерлері мұндай қоғамдық-экологиялық іс-шараларға ұдайы қатысып келеді. Бұл – мемлекеттік құрылым ретінде ел дамуына, қоршаған ортаны қорғауға және азаматтық қоғамды нығайтуға қосқан үлестері.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...