12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЗИЯНДЫ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ ЭСТАФЕТАЛАР САНЫН КӨБЕЙТУ МАҢЫЗДЫ

Қазіргі қоғамның ең өзекті мəселелерінің бірі – жастар арасында зиянды əдеттердің кең таралуы. Атап айтқанда, алкогольге тəуелділік, нашақорлық жəне темекі шегу көптеген адамдардың өмір сапасына, денсаулығына жəне болашағына кері əсерін тигізуде. Бұл зиянды əрекеттердің алдын алу жəне олармен күресу – тек денсаулық сақтау мекемелерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осыған байланысты салауатты өмір салтын насихаттау ерекше маңызды. Зиянды əдеттердің зардаптарына тоқталар болсақ: Алкоголь – жүйке жүйесіне əсер ететін психобелсенді зат. Ол адамның ойлау қабілетін төмендетіп, агрессияға бейім етеді, бауыр мен жүрекке зақым келтіреді. Статистика бойынша, жол-көлік апаттарының, отбасылық жанжалдардың жəне қылмыстардың басым бөлігі мас күйінде жасалады. Ал нашақорлық – ең қауіпті дерттердің бірі. Нашақор адам өз еркінен айырылып, өмірін тек есірткінің жетегінде өткізеді. Есірткі ағзаны тез əлсіретіп, психикалық жəне физикалық ауруларға шалдықтырады. Ең сорақысы, нашақорлық өлімге апарады. Темекі шегу – өкпе, жүрек жəне қан тамырлары ауруларының негізгі себебі. Никотин тəуелділігі жас ерекшелігіне қарамастан адамдардың өмір сүру ұзақтығын қысқартады. Елімізде жүрекқан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімнің едəуір бөлігі темекіге тікелей байланысты. Жоғарыда айтылған зиянды əрекеттермен күресіп, оны салауатты өмір салтына айналдырсақ, көптеген өзекті мəселелер мен аурулардың алдын ала алар едік. Салауатты өмір салты – бұл тек зиянды əдеттерден бас тарту ғана емес, сонымен қатар дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, психологиялық жəне əлеуметтік саулықты сақтау. Мұндай өмір салтын ұстанған адам əрдайым сергек, еңбекке қабілетті болады.Тіпті жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау үшін мектептерде, жоғары оқу орындарында тұрақты түрде тəрбиелік іс-шаралар өткізу қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары, əлеуметтік желілер, блогерлер де бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруы тиіс. Мысалы, белгілі тұлғалар өздерінің үлгісін көрсетіп, спортпен айналысуға немесе зиянды əдеттерден бас тартуға үндесе, бұл жастарға үлкен əсер етеді. Себебі, бұндай үндеулер мен эстафеталар жалғаспай қалуы əсте мүмкін емес. Жоғарыда айтылған мəселелерге байланысты белгілі мамандар ҚР Наркология орталығының дəрігер-наркологы Айгүл Серікқызы: «Алкогольді жиі ішетін адам біртіндеп психологиялық жəне физиологиялық тəуелділікке түседі. Бұл – жай əдет емес, бұл – нақты диагноз. Адам өздігінен тоқтата алмайды, міндетті түрде маман көмегі қажет». Психиатр-дəрігер Ермек Тұрсынов: «Көп атаана баласының нашақорлықпен бетпе-бет келгенін соңғы сəтте ғана байқайды. Ал шын мəнінде алғашқы белгілер – тұйықталу, көңіл-күй тұрақсыздығы, ұйқы бұзылысы – ерте байқалады. Бұл кезде уақыт жоғалтпай əрекет ету өте маңызды» десе, пульмонолог-дəрігер Динара Əлімбек: «Темекі шегу тек өкпені ғана емес, бүкіл қан айналым жүйесін зақымдайды. Бір шылым – 4000-нан астам улы зат. Ал күнделікті тұтыну – бұл өзін-өзі улау» дейді. Жасөспірімдер психологы Лəззат Қасымова: «Жасөспірімдердің есірткіге əуестену себебі – ортада «қабылдану», өзін дəлелдеу ниеті. Ата-аналар баламен дос болуды үйренуі керек, тыйым емес, түсіндіру-басты құрал» – дейді.

Шолпан КӨПІРБАЙ

Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды

Алматыда ІІМ Мақан Есболатов атындағы Академияда «Қызметтік идеология: тәртіп,...

Сотта өкілдік ету үлкен жауапкершілік жүктейді

Конституциямен айқындалғандай, әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандығын, заңды...

Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

      Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында...

Платформа инклюзивного образования

В ОКТЯБРЕ Г. АЛМАТЫ ПРИМЕТ ПЕРВЫЙ ВСЕМИРНЫЙ КОНГРЕСС ПО...