Тәуелсіз елдің тұғыры – Конституция

Аспан астында өз алдына ту тіккен әрбір елдің ең қасиетті құжаты – оның Конституциясы. Қазақ халқы үшін де Ата Заң – азаттығымыздың алтын арқауы, елдік пен еркіндіктің мәңгілік кепілі. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – жаңа дәуірдегі халқымыздың ортақ мұраты мен болашағын айқындаған тарихи құжат. Ол мемлекеттің құқықтық негізін бекітіп қана қоймай, елдің ең басты байлығы – адам мен оның құқықтарын төрге шығарды.

Конституция – халқымыздың ел боламын деген арманын, ұлт болып ұйысқан рухын заңмен өрнектеген қасиетті кітап. Оның әр бабы – өткенімізден сабақ алып, келешекке сеніммен қадамбасуға бағытталған сара жол. Ата Заңда көрініс тапқан «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ұстанымы – біз ұстанған өркениетті даму бағдарының айқын айғағы. Тәуелсіздікпен бірге түлеген Конституция – елдіктің, бірліктің, тұрақтылықтың темір қазығы.

Әрбір қазақстандықтың жүрегінде Конституцияға деген сенім мен құрмет болуы тиіс. Себебі ол – тек заңдар жинағы ғана емес, ел тағдырын айқындайтын тұғырлы негіз. Ата Заң – ұлтты ұйыстырып, ұрпақты тәрбилейтін рухани темір қазық. Оның арқасында елімізде бейбіт өмір, тұрақты даму, ұрпаққа үміт сыйлайтын болашақ орнауда.

Бүгінгі күн – Ата Заңмен өмір сүріп, оның аясында өсіп-өркендеп отырған Тәуелсіз Қазақстанның алтын дәуірі. Конституция – біздің бағымыз, бірлігіміздің берік іргетасы. Оны құрметтеу – әр азаматтың парызы, ал оны сақтау – ұлт болашағына қосылған өлшеусіз үлес.

Қызылорда қалалық сотының

жетекші маманы Қ.Сақтағанова

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...