«Нельсон Мандела күні» Семей қаласындағы түзету мекемесінде аталып өтті

18 шілде – бүкіл әлем бойынша ерекше құрметпен аталатын күн. Бұл — Оңтүстік Африканың тұңғыш қара нәсілді президенті, Нобель сыйлығының иегері, әділеттілік пен бейбітшілік жолында күрескен тұлға — Нельсон Манделаның халықаралық күні. Аталған датаға орай Семей қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде бірқатар тәрбиелік және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.

Мекемеде өткізілген мерекелік шаралар сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ түзелу жолындағы оң өзгерістерге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шаралар аясында қабырға газеттері байқауы, танымдық викториналар, дәрістер мен ақпараттық сағаттар өткізілді. Қабырға газеттері арқылы сотталғандар Нельсон Манделаның өмір жолы, ерлігі мен бейбітшілікке қосқан үлесі туралы ақпарат ұсынып, өз ой-пікірлерін шығармашылық түрде жеткізді. Сонымен қатар, викторинада қатысушылар тарихи деректер мен құқықтық сауалдарға жауап беріп, білім деңгейлерін сынады.

Бұл күннің аясында өткізілген тағы бір маңызды шара — дәрістер. Мекеме қызметкерлері мен арнайы шақырылған мамандар Нельсон Манделаның адам құқықтары жолындағы күресі, оның 27 жылдық түрме өмірінің маңызы, БҰҰ бекіткен «Нельсон Мандела ережелері» туралы кеңінен әңгімеледі. Аталған ережелер – тұтқындардың құқықтары мен оларға жасалатын қатынастарға қатысты халықаралық стандарттарды белгілейтін құжат.

Іс-шараға сотталғандардың басым көпшілігі белсене қатысты. Қабырға газеті мен викторина байқауында ерекше көзге түскен төрт қатысушы жүлделі орындарға ие болып, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, мекемеде мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Спорттық турнирлер, мәдени кештер мен құқықтық тәрбие сағаттары сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне, әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге жол ашады.

Нельсон Мандела күні – тек еске алу емес, сонымен қатар әрбір адамның өз ортасына, қоғамына игі істер жасауы үшін берілген мүмкіндік. Бұл күннің мәні – мейірім мен өзгеріске бастайтын нақты әрекеттерде.

Семей қаласы
Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...

Состоялся творческий конкурс «Лучшая стенгазета»

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся...

Семей колониясында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінде жазасын өтеп...