12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«BAIQA, PIRAMIDA!»

Цифрлық технологиялар дамыған сайын адам өмірін жеңілдетуге бағытталған құралдар түрі күн санап көбеюде. Электрондық қызметтер, интернет-банкинг, онлайн сауда – мұның бəрі заман талабына сай қажеттіліктерге айналды. Алайда, бұл үдерістермен қатар көлеңкелі құбылыстар да қатар дамып жатыр.

Соның ішінде кибералаяқтық пен қаржы пирамидалары соңғы жылдары ел ішінде ең жиі тіркелетін құқықбұзушылықтың бірі болып отыр. Мемлекеттік органдардың мəліметіне сүйенсек, тек бір жылдың ішінде елімізде 4 мыңнан астам кибералаяқтық фактісі тіркелген. Бұл – ресми дерек. Ал нақты көрсеткіш бұдан əлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Себебі, көптеген азаматтар алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын құқық қорғау органдарына мүлде хабарламайды. Кибералаяқтар бүгінде телефон қоңырауымен, мессенджер арқылы, жалған сайттар немесе əлеуметтік желі парақшалары арқылы əрекет етеді. Олар көбіне банк қызметкері ретінде хабарласып, клиенттің жеке деректерін сұрау арқылы ақша жымқыру схемаларын қолданады. Сонымен қатар, танымал маркетплейстердің атын жамылып, сату-сатып алу кезінде алдын ала төлемді сұрайтын жағдайлар да жиі кездесіп отыр. Мұндай қылмыстар көбіне азаматтың банктік шотына немесе электрондық қолтаңбасына заңсыз қол жеткізумен байланысты. Қауіпсіздік шаралары жетілдіріліп жатқанына қарамастан, алаяқтар үнемі жаңа жол тауып, технологияны өз мақсаттарына бейімдейді. Бұл – күрестің неге ұзаққа созылып жатқанының бір себебі. Қаржы пирамидалары – кең таралған əрі қауіпті құбылыстың бірі. Оның басты ерекшелігі – аз уақытта көп пайда табуға уəде беру. Мұндай ұйымдар жоғары табысқа қызыққан азаматтарды түрлі схема арқылы алдап, өз қаражатын салып, айналасындағы адамдарды да тартуға мəжбүрлейді. Сөйтіп, бастапқы кезеңде табыс алғандай болып көрінгенімен, көп ұзамай қаржы айналымы тоқтап, қаражат салған азаматтар өз ақшасынан қағылады. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегіне сүйенсек, тек соңғы бір жарым жыл ішінде мыңдаған адам қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Жалпы шығын ондаған миллиард теңгені құрайды. Əсіресе, əлеуметтік желілер арқылы жылдам тарайтын осындай ұйымдар халықтың сеніміне тез кіріп, жастарды да, зейнеткерлерді де арбауына түсіреді. Қаржы мониторингі агенттігінің мəліметі бойынша, 2024 жылы елімізде 42 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған. Бұл ұйымдардың барлығы заңсыз түрде халықтан қаражат жинап, жалған уəде арқылы салымшыларды алдаған. Тергеу барысында бұл пирамидалар арқылы азаматтарға келтірілген залал көлемі 20 млрд теңгеден асқаны анықталды. Бұл қаражаттың шамамен 13 млрд мемлекеттің араласуымен қайтарылған. 2025 жылдың алғашқы алты айында да мұндай заңсыз ұйымдардың қызметі жалғасқан. Алматы қаласында анықталған «UILI BOLAYIK» атты қаржы пирамидасы 500-ден астам азаматты алдап, 50 млн теңге көлемінде қаражат жинағаны белгілі болды. Сонымен қатар, Ақмола облысында «Buyers Union» ұйымы 250 салымшыдан 300 млн теңге жинап, өз қызметін пирамида түрінде жүзеге асырғаны үшін тоқтатылды. Аталған істер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар сотқа берілді. Алаяқтардың ықпал ету тетігі – жарнама. Əлеуметтік желілерде, YouTube платформасында, мессенджерлік топтарда жалған уəделерге толы видеолар мен посттар тарайды. Қаржылық сауаттылығы төмен азаматтар бұл хабарламаларға сеніп, бар ақшасын немесе тіпті, несие алып, күмəнді жүйелерге салады. Кейбіреуі басқа адамдарды да тартқаны үшін сыйақы алып, өз еркімен пирамиданы тарату құралына айналады. Бұл құбылысқа заңмен тыйым салынғанымен, интернет кеңістігін толық бақылау мүмкін болмай отыр.

Неліктен алаяқтық тыйылмай тұр?

Біріншіден, қылмыскерлердің əдістері жылдам өзгеріп отырады. Қауіпсіздік жүйелері бір бағытты жауып үлгергенше, олар жаңа жол табады. Екіншіден, азаматтардың ақпараттық жəне қаржылық сауаттылығы əлі де төмен деңгейде. Алаяқтықтың белгісін ажырата алмайтын адамдар интернеттегі əр ұсынысты шынайы деп қабылдайды. Үшіншіден, көп жағдайда азаматтар өз құқықтарын білмейді. Қаржы пирамидасына қатысқаны үшін де жауапкершілік бар екенін немесе алаяққа жеке деректерін берудің салдары қандай болатынын түсінбейтіндер аз емес. 2024 жылдан бастап Қаржы мониторингі агенттігі «Baiqa, piramida!» Telegram-ботын іске қосты. Бұл қызмет азаматтарға күмəнді компаниялар мен схемаларды тексеруге мүмкіндік береді. Пайдаланушылар ботқа ұйымның атауын енгізу арқылы ол туралы ресми дереккөздерден алынған ақпаратты ала алады. 2025 жылдың маусым айына дейін бұл бот арқылы 100 мыңнан астам сұраныс өңделіп, 30-дан астам пирамида белгісі бар ұйым анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан əлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық сипатындағы жарнамаларға қарсы автоматты талдау жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе күдікті парақшаларды, чаттар мен арналарды анықтап, оларды бұғаттау немесе тергеуге беру үшін тиісті органдарға жіберіп отырады. 2025 жылдың маусымына де йін осындай əдістермен бір мыңнан астам Telegram жəне Instagram парақшасы жабылып, 86 мыңнан астам азаматтың жеке деректері мен қаражаттары қауіпсіздендірілді.

Қоғам не істеуі керек?

Азаматтық қоғам мен БАҚ тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшеюі тиіс. Əсіресе, жастар арасында цифрлық қауіпсіздік, онлайн қаржылық мəдениет, фейк жарнама мен инвестициялық тəуекелдер туралы ашық əрі түсінікті түсіндіру жүргізілуі қажет. Сондай-ақ мектептер мен университеттерде қаржылық сауаттылық бойынша тұрақты сабақтар енгізу – уақыт талабы. Қарапайым халық əр ұсынысқа күмəнмен қарап, ешқашан бейтаныс адамдарға өз жеке деректерін немесе банк деректемелерін бермеуі тиіс. Жоғары пайдаға уəде беретін схемалардан бас тарту қажет. Себебі, оңай табыс – əрқашан үлкен қауіп.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Актуальные вопросы цифровой трансформации

В РАМКАХ КОНЦЕПЦИИ ПРЕЗИДЕНТА РК «ЗАКОН И ПОРЯДОК» СОСТОЯЛОСЬ СОВЕЩАНИЕ ПО ВОПРОСАМ ЦИФРОВИЗАЦИИ ОРГАНОВ ЮСТИЦИИ. ДАННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ГДЕ РАССМАТРИВАЛИСЬ ТЕМПЫ ВНЕДРЕНИЯ ЦИФРОВЫХ РЕШЕНИЙ В КЛЮЧЕВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПРАВОВОЙ СИСТЕМЫ, МЕРЫ ПО ПОВЫШЕНИЮ ПРОЗРАЧНОСТИ И ЭФФЕКТИВНОСТИ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, МОДЕРНИЗАЦИИ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ И РАСШИРЕНИЮ ДОСТУПА НАСЕЛЕНИЯ К ПРАВОВОЙ ПОМОЩИ, БЫЛО ПРОВЕДЕНО ПРЕМЬЕР-МИНИСТРОМ СТРАНЫ ОЛЖАСОМ БЕКТЕНОВЫМ.

Мемлекет басшысы МӘМС туралы заңға қол қойды

Заң денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды өзгертістерді көздейді.

Қазақстанда кеден жұмысы қалай өзгерді?

Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада 9 өткізу пунктіне толыққанды жаңғырту жүргізіп жатыр. Енді ескірген инфрақұрылым толығымен ауысып, заманауи өткізу пункттері пайда болады.

Биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестті 210 мыңнан астам талапкер тапсырды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің шамамен 76,5%-ы тестті қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, ал 149 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.