12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады.  Сондықтан, мемлекет атынан шешім қабылданатын сот процестеріне қатысатын әрбір адам заң талабына бағынып, сотты құрметтеуге, оның шешімдері мен үкімдерін, қаулыларын, т.б. құжаттарынуақытылы орындауға міндетті. 

Азаматтық процестік кодекспен (АПК) сот отырысының тәртібі белгіленген. Мәселен, сот отырысына қатысушылар судья сот залына кірген кезде орындарынан тұруға, сонымен қатар, судьяға  «құрметті сот» деп жүгінуге міндетті. Сотқа құрмет көрсетпеген жағдайда  АПК-нің119-бабымен жауаптылық шаралары белгіленген.

Жалпы айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алып, олардың жолын кесуде сот жүйесінде қажетті шаралар қарастырылып, сот өндірісін жүргізу тәртібі тиісті кодекстермен реттелген. Мұндай шараларды сот баршаның сот алдында теңдігі мен сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады. Мысалы, сотты құрметтемегендер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен (ӘҚБтК) көзделген тәртіпте әкімшілік жауаптылыққа тартылады.   Сот отырысы кезінде тәртіп бұзған адамның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда ол қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

   Жоғарыда аталған баптың төртінші бөлігімен көрсетілгендей, заңға қарсы жасалған әрекетпен әрекетсіздік үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы немесе жауаптылық түрі қолданылады. АПК-нің 120-бабына, яғни, сотқа құрметтемеушілік білдіргендерді жауапқа тарту тәртібіне сәйкес, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғанда бұл туралы процесті жүргізіп отырғансудья (сот құрамы) сот отырысында жариялайды. Ол сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бірақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

 Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адамның, сондай-ақ, істің өзге де қатысушыларының осы ретте түсініктеме беру құқығы бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін дайындап, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды. Тәртіп бұзушы сотқа құрметтемеушілікті сот отырысында көрсетіп, залдан шығып кеткен, сондай-ақ, сот отырысына келуден жалтарған жағдайда сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімімен құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, ол құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі.

    Құқық бұзушылық туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен белгіленген соттылыққа сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі. Сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде сот қаулысы шығарылады. Үш жұмыс күні ішінде тәртіп бұзушыға беріледі әрі қажетті материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.

Сотқа құрметтемеушілік танытқандарға ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-тармағының негізіндеескерту немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу, 2-тармағына сәйкес, бір жыл ішінде қайталанған жағдайда отыз АЕК көлемінде айыппұл немесе он тәулікке дейін бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған. Ел азаматтарына қандай ортада болсын заң мен тәртіпті сақтау жалпыға ортақ міндет екенін түсінетін уақыт жетті.

Талғат Садықов,

Алмалы ауданының №2 аудандық

сотының төрағасы

Алматы қаласы

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Астана күніне орай кітапханаға экскурсия жасады

Астана күніне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің...