Қастеев мұражайы жөндеу жұмыстарына жабылды

Елімізде мәдени нысандарды жаңғырту мен сақтау бағытындағы ауқымды мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанның басты өнер ордаларының бірі – Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жаңғырту шеңберінде шатырды ауыстыру, заманауи климаттық жүйелер орнату, паркет жабындысын қалпына келтіру және өзге де маңызды техникалық жетілдірулер көзделген. Бұл шаралар келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасап, өнер туындыларын сақтаудың заманауи талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты 5 тамыздан бастап музей уақытша жабылды. Мұндай шешім ең алдымен ел қазынасына айналған құнды жәдігерлердің сақталуы мен құрылыс кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданды.

Осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Senim Qogamy қоры мен бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ-на шынайы алғысымызды білдіреміз. Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым – «Lucky Build Company» ЖШС атқарып жатыр.

Барлық жұмыстар аяқталған соң жаңарған музей қонақтарын жаңа заманға сай, шабыт сыйлайтын, өз коллекциясы мен мәртебесіне лайық жаңа кеңістікте қарсы алады деп сенеміз.

Аида Балаева, 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...